Астанада жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу форумы өтті 

Астанада жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу форумы өтті 
 Қазіргі таңда жасыл энергия, қалдықсыз өндіріс, қалдықтарды қайта өңдеу деген секілді сөздер қоғамда аз айтылмайды. Десек те, әрекет қандай деңгейде? Нәтиже ше? Қоғамның күнделікті өмірі жоғарыда жазылған жолмен сабақтасып жатыр дей алмаймыз. Бірақ, өзгеріс те жоқ емес. Мәселен, елімізде қалдықтарды қайта өңдейтін жүзден аса зауыттар бар екен. Иә, алып бара жатқан ауқымда емес болар. Дегенмен бұл да алға жылжу.
 Сонымен қатар, KazWaste – Қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастық атқарып жатқан жұмыс та осы бағытта. Аталған ұйым осы аптада, елордада «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу форумы – 2024» (GEWR’24) VIII Еуразиялық бизнес форумын өткізді. Форумға Ерлан Нысанбаев – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі, Мансур Ошурбаев – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Жомарт Әлиев – ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі. Қазақстан Республикасы, Дэниел Розенблюм – АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі, Йоханнес Баур – Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ынтымақтастық жетекшісі және т.б. қатысты.
 Іс-шарада өзекті мәселелер ортаға салынды, өткір пікір айтылды. Мысалы, KazWaste төрағасының сөзінше, Өнеркәсіпті қолдау қоры бойынша, жасыл жоба негізінде, жеңілдікпен автокөлік алу үшін 77 компания құжат өткізсе, соның он екісі қолдау алған. Сондай-ақ, әлдебір компания аз пайызбен Қор арқылы машина алу жолынан өтсе де, зауыттан алудың да өз машақаты бар екен, яғни, жарты жыл күтуі тиіс. Осы заманда 6 ай күткізу дегенді қалай түсінуге болады? Қор өкілі бұл сұрақтарға мардымды жауап бере алмады. Мұның үстіне жергілікті әкімдіктердің бюрократиялық кедергілері де жойылмаған. Басқа да мәселелер аталған салада аз емес. Жасыл инвестиция да қоғам құлағын түруді ғана емес, белсене араласуды да қажет етеді. Бұл туралы да.  қаржы қорының арнайы өкілі мәлімдеді.
 Іс-шара екі жүзден аса қатысушыларды, соның ішінде бизнес көшбасшыларын, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдерін және Қазақстаннан, Ұлыбританиядан, қалдықтарды басқару және жасыл энергетика саласындағы сарапшыларды біріктірді. АҚШ, Австрия, Греция, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен осы саланың өкілдері қатысты. Форум сегіз негізгі сессияның призмасы арқылы қалдықтарды басқарудың өзекті мәселелерін талқылайтын орын болады. Қатысушылар қалдықтардың жаһандық тенденцияларын, олардың экономикалық тұрақтылыққа әсерін зерттейді және қалдықтарды басқару жүйелерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын зерттейді. Пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу деңгейін арттыруға көмектесетін инновациялық шешімдерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Форум бағдарламасына қалалық және облыстық деңгейде қалдықтарды басқарудың кешенді тәсілдері, сондай-ақ ESG қағидаттарын қоса алғанда, заманауи ережелер мен әдістемелерді ескере отырып, өндірістік қалдықтарды тұрақты басқару кіреді. Екінші ұлттық метан форумында метан шығарындыларын азайту стратегияларын талқылаумен қатар шағын және орта кәсіпорындардың қалдықтарды басқаруға қатысуы тағы бір маңызды тақырып болмақ.
 Сондай-ақ, Форум шеңберінде III-Қалдықтарды басқару бойынша, сегіз номинация негізінде, марапаттау рәсімі өтті. Онда қалдықтарды басқару саласындағы үздік жетістіктері бар компанияларға арнайы сыйлықтар табысталды.
 Қ. Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0