Білім ордасы IB PYP бағдарламасына көшуде

Білім ордасы IB PYP бағдарламасына көшуде

Астана қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы  № 77 мектеп-гимназия халықаралық IB PYP бағдарламасын мектепке енгізуде бірден-бір үміткер ретінде көптеген жұмыстар атқаруда. Айталық, сабақтарда  IB PYP элементтерін қолдана отырып, IB  профильдерін баланың бойында қалыптастыру үшін мұғалімдерге арнайы курстар мен семинарлар өткізіп жатыр.

IB дегеніміз не? Мақсаты мен міндеті қандай? Оны қалай түсінеміз? IB – оқушылардың халықаралық ойлауын дамыту және өзін-өзі таныту.  Бұл бір сөзбен айтқандаеркін ойлау,  белсенділік пен іс-әрекетті қамтитын көп қырлы тұжырымдама.

Ал PYP дегеніміз не? PYP – бұл 3 жастан 12 жасқа дейінгі оқушыларға арналған  оқу бағдарламасы. Ол баланың табиғи қызығушылығын, шығармашылығын және рефлексия қабілетін ынталандырады. PYP табиғаты бойынша оқушы пәнаралық«үлкен идеяларды» барлық пәндер арқылы  оқиды. Оқушылар зерттеудің пәнаралық бірліктері арқылы маңызды ұғымдарды меңгереді. Бір жылға арналған бағдарламаның негізін құрайтын алты ұйымдастырушы  келесі тақырыптарды қамтиды:

Зерттеу бөлімдері: математика, тіл пәндері, жаратылыстану ғылымдарының пәндік салаларын біріктіреді. Бұл тәсіл оқушыларды осы пәндер бойынша оқылған пәндер мен олардың айналасындағы әлем арасында өзіндік байланыс орнатуға шақырады.

Зерттеу бөлімдері: физикалық, интеллектуалдық, эмоционалды және әлеуметтік дамуды кеңінен қолдану және алға жылжыту дағдыларын игеру арқылы өнер және жеке, әлеуметтік және физикалық білім беру пәндеріне тереңірек енеді.

PYP  ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жаратылыстану пәнінде оқытылатын  тақырыптарды  IB PYP трансдисциплинарлық тарауларға бөліп, мұғалімдермен колоборативті  жоспарлауда әр тараудың  ортақ ойын шығарып, үш зерттеу тізбегін айқындап, сабақтарды IB PYP стандарттарымен үйлестіре басталады. Бірінші, IB PYP трансдисциплинарлық тарауында «Біз кімбіз?» бойынша мектепте зерттеу процесі жүргізіледі. Оқушылар осы IB PYP трандисциплинарлық тараудың зерттеу тізбегінде  «Менің мектебім», «Менің Отбасым» зерттеу жұмыстарын жүргізіп, рефлексиялық жұмысты топпен  жеке атқарады. Мектепте қызмет атқаратын жұмыскерлермен сұхбат, сұрақ-жауап арқылы әр бала өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап іздейді. Зерттеу барысында балалар мектеп қызметкерлерімен танысып, әр қызметкердің міндеттерімен, ол адамдардың қоғамға пайдасы мен үлесін зерттеп, біраз ақпараттармен таныс болады.

Бастауыш мектептегі оқу. Бұл білім алудың бастамасы болып табылады.Ұстаздар ашық дискуссиялық мәселелер,  күрделі жағдайлар, саяхат, сауалнама жүргізу, тұсаукесер мен  конференциялар арқылы баланың конструктивтік зерттеуіне жағдай жасап, жүйелі-қызмет амалының идеясына ілесуге ұмтылады.Оқушылар ақиқат шындық құбылыстар мен объектілерді жүйелі зерттеуге, білімнің 6 тармақтары бойынша өмірге маңызды ғаламдық идеяларды зерттеу арқылы әртүрлі ақпарат көздерін қолдануға, тәжірибе, эксперимент, сауалнама және тестер өткізуге ынталанады:
БІЗ КІМБІЗ?
БІЗ КЕҢІСТІК-УАҚЫТТА ҚАЙДАМЫЗ?
ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ?
ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ КӨРСЕТЕМІЗ?
ӘЛЕМ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
ҒАЛАМШАРДАҒЫ ТІРШІЛІК

Бастауыш оқушыларының оқу-зерттеу жұмысы түрлендіргіш сипатқа ие, яғни балалар бақылайды, салыстырады, топтастырады, жіктестіреді, заңдылықтарын анықтап қорытынды жасайды. Зерттеу жұмысындағы ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастығы әлемді ұғынудың, адамның, табиғат пен қоғамның арасындағы байланысты түсінуді дамыту, өз орнын отбасында, ғаламдық, ұлттық және жергілікті қауымдастықта анықтаудың толықтай көрінісін қалыптасуға мүмкіндік туғызады.Оқу мен үйренудегі зерттеу амалы ұжымдық-танымдылық және жобалау әрекеті, оқушының өздігінен жұмыс жасауын нығайту, әлеуметтік, коммуникативтік, зерттеу мен ойшыл икемділіктерді дамыту, сонымен қатар оқушылардың танымдылық белсенділігі арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде оқушылардың оқу-танымдылық әрекетінің барлық өнімдері мен оқу кезіндегі олардың білімі бағаланады.

IB білім алушыларының  профильдері

  • ІЗДЕНІМПАЗ
  • ЗЕРДЕЛІ
  • ОЙЛАНҒЫШ
  • ТІЛ ТАБЫСҚЫШ
  • ҰСТАНЫМДЫ
  • ӘДІЛЕТТІ
  • ҚАМҚОРШЫЛ
  • ТӘУЕКЕЛШІЛ
  • ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУ
  • РЕФЛЕКСИВТІ

НЕГІЗГІ КОНЦЕПТЕР:

Олар жоғары деңгейлі ойлауды қолдайды және орталық идеяға қатысты білімді әртүрлі жолдармен қарастыруды қамтамасыз етеді

IB PYP НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ:

  1. КОНЦЕПТІЛЕР: Оқушыларымыз қандай идеяларды зерттегенін қалаймыз?
  2. ДАҒДЫЛАР: Өзгермелі әлемде жетістікке жету үшін оқушыларымызға не қажет?
  3. БІЛІМДЕР: Оқушыларымыздың қандай маңызды, өзекті тақырыптарды білгенін қалаймыз?
  4. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: Оқушылардың қандай іргелі құндылықтары, сезімдері болғанын қалаймыз?
  5. ІС-ӘРЕКЕТ: Оқушылардың қалай әрекет еткенін қалаймыз?

Г.Байменова, Ф.Оңғарсынова атындағы № 77 мектеп-гимназиясы ШЖҚ МКК Халықаралық IB PYP бағдарламасын енгізуші, мектеп директоры

 Координаторлар: Ы.Жанбекова, А.Сунчалиев, Н.Қияқбай

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0