6-сынып оқушысына арналған “Қазақ әдебиеті” оқулығында “Менің атым – Тәуелсіздік” (авт. Е. Жүніс) деген өлең бар. Бұл қаншалықты сол кезең баласының жан дүниесіне қонымды?..
Анықтау үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.Қаратабанов мырзаға хабарластық. Ол кісіден мынадай жауап келді: “Бұған сараптама жасап, өткізу/өткізбеу туралы үкім шығаратын мекеме – Білім беру мазмұнын сараптау орталығы (бұрын Оқулық орталығы деп аталатын).” О заман да, бұл заман, оқу бағдарламасын жасайтын, жауапты мекеме – Академия екенін вице-президенті білмейтін осы заман. Сонда да ол кісінің көзі жете түсу үшін Білім беру мазмұнын сараптау орталығына бардық. Басшысының орынбасары Мәншүк ханыммен кездесіп, болған жәйтті баяндадық. Ол кісі Орталық емес, Академия жауапты екенін (осылай дерін білдік, әрине) айтып, шығарып салды. Содан қайта Р. Қаратабановқа хабарластық. Ол кісі Академияның тиісті мамандарына айтса керек, өлеңге жартыкеш талдау жасаған күйде жіберді…
Бізді мынадай нәрселер ойландырды, яғни, 5-6-сынып – балалардың дүниені визуалды (заттық) қабылдаудан енді шығып жатқан кезеңі. Когнитивті ойлау, ақпаратты талдау, қорыту жүйесі қалыптасу үстіндегі. Біреуінде ерте, екіншісінде ақпарат талдауы кеш жетілетінін қоспағанда. Мұның үстіне, өлең ауырлау, тіпті күнделікті өмірге пайдасы шамалы тұстары да бар секілді көрінеді.
Сонымен қатар, “Ұл жайлы Күннен жаралған” деген бір мағынада екі жол тұр. Баланың енді қалыптасып келе жатқан, яғни, жаратылысқа, дүниеге қатысты таным-түсінігіне бұл зиян тигізбей ме? “Күннің ұлы” дегенде тәңіршіл не ескі де мәжуси дүниетаным сезіледі. Исі мұсылман қазаққа, басқаға бұл қалай әсер етеді?..
Оқулықты түзу кезінде белгілі бір тірі зерттеу жұмыстары жасалған ба? Қала, ауыл мектептеріне барып. Мысалы, сол жастағы оқушыларды зертей отырып. Оқулықты апробациялық кезеңнен өткізу жағы ше?..
Бұл сұрақтар ашық қалды…
Қ. Нұрғали
ПІКІРЛЕР