2-желтоқсан. Turaninform. Өткен аптадағы Гонконгта болған Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінің өртенуі салдарынан қаза тапқандар саны 151 адамға жетті. О дүниеге аттанғандар бұдан да артуы ықтимал. Себебі, қырықтан аса адам іздестірілуде. Құтқару қызметі баспалдақтан бастап, шатырға дейінгі жолда адам денелерін тауып жатқан көрінеді.
Өрт сөндіру басқармасының мәліметінше, лапылдап жанып жатқан кезде, ғимараттағы температура 500 градусқа (Цельсия) жеткен. Сонымен қатар, қаза тапқандар арасында өрт сөндіруші де бар.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР