«Отбасы институты» әлеуметтік жобасын жүзеге асуда

«Отбасы институты» әлеуметтік жобасын жүзеге асуда

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасы құндылықтарын арттыру, жастар арасында отбасы институтын нығайту, жастарға көмек көрсету мақсатында Алматының 8 ауданында сенім кабинеттері ашылып, олардың жұмысы ұйымдастырылды, Сенім кабинеттерін ресімдеуде бірыңғай логотип қолданылып, 8 паучоктар мен 8 ақпараттық стенд дайындалды. АХАТ және дағдарыс орталықтарымен бірлесе отырып көптеген жұмыстар жасалды. Сенім кабинеттерінде 215 адам консультация алды.

Отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде анонстық және «Отбасы деген не?» деген тақырыпта сюжеттік бейнеролик дайындалды.

Отбасыларда тиімді қарым-қатынас құру және отбасылық қатынастардың басқа да аспектілері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жастар және жас отбасылармен 10 кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 211 адам қатысып, өз пікірлерін қалдырды.

Отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қаланың  ЖОО мен ТжКБ-да онлайн/офлайн форматында дәріс және семинар-тренингтер өткізілді. Семинарға 1537 адам қатысты.

23-27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясы өткізілді. Акцияға қатысуға жастар, отбасылар, жас отбасылар шақырылды. «Ашық есік күндері» Алматы қаласының 8 ауданында, онлайн режимінде өтті. Оған көптеген адамдар тұрмыстық сұрақтармен келіп, мамандардан кеңес алды, тұрақты консультацияға жазылғандар да болды. Конфиденциалдылық қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік желілерде жобаны ілгерілету және танымал ету мақсатында 3 парақша бар: Instagram, Facebook, Вконтакте. Жалпы оқырмандар саны – 6138, жарияланымдар саны –174 болды. Жоба аясында берілген консультациялардың арқасында 50-ге жуық адам (қызмет алушы) медиативті келісімге келіп, отбасын сақтап қалды.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0