10-қаңтар. Turaninform. Әлемдік деңгейдегі ірі компаниялардың бірі – Microsoft адам даусын айнытпай салатын жаңа нейрожүйе ойлап тапты. VALL-E деп аталатын жасанды интеллект бар болғаны 3 секундта естіген дауысты дәл солай қайталай алады екен. Сонымен қатар, ол адамның қандай көңіл-күйде екенін де анықтай алатынын көрсетеді.
Жасанды интеллект өмірдің сан-саласына енген үстіне еніп барады. Әсіресе, ғылымы мен техникасы, технологиясы алдыға кеткен елдерде.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР