25-қаңтар. Turaninform. АҚШ Тұтынушылар одағы Hershey Co, Trader Joe’s, Theo chocolate және Mondelez International Inc компаниялары өндіретін қара шоколадтардың 28 түріне сынама жасаған. Соның жиырма үшінде ауыр металдардың үлесі қауіпті мөлшерде болған. Мысалы, қорғасын қалыпты деңгейден 2,5 есе көп екен. Күніне адам бойына 0,5 мкг қорғасын тараса, зиянсыз саналады.
Әйтпесе, таза қара шоколадты қалыпты мөлшерде жеу кей адамдарға пайдалы екендігі де айтылады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР