4-қаңтар. Turaninform. Осы уақытқа дейін 36,6°C адам үшін қалыпты дене температурасы саналып келді. Десек те, Стэнфорд университетінің соңғы зерттеулеріне сәйкес, ендігі температура көрсеткішінің 36,2-36,8°C арасында өзгеруі – қалыпты құбылыс, яғни әбігерленетін жағдай емес. Financial Express таратқан ақпарат осындай. Зерттеушілер тобы жылдар бойы бас-аяғы 618 мың адамға талдау жасаған.
АҚШ тұрғындарының дене температурасы, бұрынғы кезбен салыстырғанда, орташа есепте 0,05°C-қа төмендеген. Мұның себебін халықтың әлеуметтік жағдайы артуымен, жұрт денсаулығының жақсаруымен сабақтастырады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР