4-сәуір. Turaninform. Солтүстік Еуропа елдерінің бірі Финляндия ресми түрде НАТО мүшесі атанды. Альянсқа былтыр құжат тапсырған еді. Себеп: Ресейдің Украинаға қарсы оккупациялық соғысы.
Фин елі 1994ж. бері НАТО-мен ресми әріптестікте. Альянстың түрлі талаптарына сай келетіні бұған дейін де айтылды. Армиясы осал емес. Әскер саны 260 мыңға жуық. 107 әскери ұшағы, 672 артиллериясы т.б. бар. 5,6 миллиондай ғана халқы бар шағын ел үшін әскери көрсеткіші тәуір-ақ.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР