НАТО: ЖІӨ-ге шаққандағы әскери саланың үлесі көбірек ондық елдері

НАТО: ЖІӨ-ге шаққандағы әскери саланың үлесі көбірек ондық елдері

14-сәуір. Turaninform. Әлемдегі ең үлкен әскери альянс НАТО қорғаныс бюджеті көлемінен де теңдессіз саналады. Дегенмен Альянсқа мүше елдердің барлығы талапқа сай қаржы бөле бермейді. Мәселен, шартқа сәйкес, бұған дейін әр мемлекет экономикасының (ЖІӨ-інің) 2%-ын әскери салаға бөлуі тиіс еді. Енді бүгін 5%-ға жеткізу қозғалып жатыр. Бұған АҚШ президентінің сөзі де түрткі болуда. Ол НАТО мүшелеріне, әсіресе, Еуропадағы әскери одақтастарына қарата, қаржыны көбірек бөлмесе, қорғамайтынын бірнеше рет айтты. Осы сөздер әсер етті ме, әлде басқа ма, НАТО мүшелері арасында оң өзгеріс байқалады. Мысалы, Польшаның осы салаға бөлетін қаржысы ЖІӨ-інің 4,12%-ына жетті. Басқа да көптеген елдер 2-3%-дан асты. Дегенмен 5%-ға шыққан бір мемлекет жоқ. Әскери одақта. Тіпті талап қойып тулаған АҚШ та бұл деңгейден әзірге төмен: 3,38%.

Сонымен әскери салаға бөлінетін қаржы үлесі бойынша (ЖІӨ-ге шаққанда) ондықта тұрған елдер мыналар:
1. Польша – 4,12%;
2. Эстония – 3,43%;
3. АҚШ – 3,38%;
4. Латвия – 3,15%;
5. Грекия – 3,38%;
6. Литва – 2,85%;
7. Финляндия – 2,41%;
8. Дания – 2,37%;
9. Ұлыбритания – 2,33%;
10. Румыния – 2,25%.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki