Жамбыл облысы Білім басқармасы бірнеше сөгісі бар мектеп директорын неге жұмыстан шығара алмайды?..

Жамбыл облысы Білім басқармасы бірнеше сөгісі бар мектеп директорын неге жұмыстан шығара алмайды?..

Жамбыл облысы Білім басқармасынна осы облысқа қарасты Т. Рысқұлов ауданы, Каменка ауылындағы мектеп директоры М. Мейманхановқа қатысты әлеуметтік желідегі жарияланым бойынша нақтылау туралы сауалдар жіберген едік. Өткен айда.

Сұрақтарымыздың ныспысы мынадай еді:
● Каменка ауылындағы мектеп директоры М. Мейманхановтың орта мектепті 25 жылға жуық басқарып отырғаны;
● Директорлық еткен сол уақыт ішінде:
● Мектепте оқушылардың “суицидке өте жиі ұшырағаны”, 8-сынып оқушысы туып қалғаны, 2016ж. 8 жасар баланы зорлап, талға асуы, 2021ж. 10-сынып оқушысы мектептегі қысымнан өзіне қол жұмсағаны,
8 жастағы қыз бала былтыр зорланғаны, “Калашников” автоматы жоғалғаны, директор әйелі 48 сағатпен 1 млн 80 мың тг жалақы алатыны, қазақ сыныбына математикадан сабақ берген ол, орыс сыныбындағы физика пәнінен де сабақ бергені рас па?

Аталған облыстың Білім басқармасынан әрең дегенде төмендегідей жауап келді:

Мектепте 8 сынып оқушысы жүкті болып қалған дерегі бойынша:

Аталған дерек бойынша 2022 жылдың 29 сәуірінде Т.Рысқұлов АПБ СДТТбТ-не Қазақстан Республикасы ҚК 122 бабы 1 бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру жүмыстары жүргізіліп, кемшіліктерге жол беріп, лауазымдық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін мектеп директорына,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, психологына, әлеуметтік педагогына «сөгіс» және сынып жетекшісіне «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік шаралар қолданылған (Бұйрықтар көшірмелері  қосымша тіркеледі).

 Білім беру ұйымында 8 жастағы зорланған қыз дерегі бойынша:

Білім беру ұйымының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен психологтың түсініктемелеріне сәйкес, мектепте 8 жасар қызды зорлау фактісі орын алмаған. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінде 8 жасар қыз баланы зорлау фактісі тіркелмеген (Түсініктемелер, хат қосымша тіркеледі).

Мектеп директорының әйелі С.Құлмахамбетованың 48 сағатпен жұмыс істеген мәселесі бойынша:

С.Құлмахамбетова 1989 жылы 18 тамызда Каменка мектебіне (қазіргі таңда Б.Момышұлы атындағы орта мектеп) физика пәні мұғалімі болып қабылданып бүгінгі күнге дейін аталған мекемеде физика пәні мұғалімі болып жұмыс атқаруда.

2022 жылдың қыркүйек айында С.Құлмахамбетованың физика пәнінен 20 сағаты болған. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап негізгі қызметкер С.Н.Скребец науқастанып жұмысқа шықпағанына байланысты (аталған мектепте физика пәнінен беретін мұғалімдер саны тарификация бойынша екеу), оның 16 сағат жүктемесі С.Құлмахамбетоваға жүктелген. Еңбек кодексінің 68 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

С.Н.Скребец 2022 жылдың 28 қарашасында қайтыс болуына байланысты 2022 жылдың 14 желтоқсанында мектеп тарапынан физика пәні мұғалімі бос лауазымына аудандық білім бөліміне конкурс өткізу бойынша хабарлама беріліп, 2023 жылдың  қаңтар айынан бастап, С.Молдақұлова 16 апталық сағат жүктемесімен физика пәнінің мұғалімі болып қабылданған.

Алайда, С.Молдақұлова отбасылық жағдайына байланысты 2023 жылғы 1 ақпанында өтініш жазып 10 апталық сағат жүктемемен жұмыс жасауға келісім берген (Жеке өтініші тіркеледі).

С.Құлмахамбетованың (2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығындағы) апталық сағат жүктемесі 26 сағат құрайды.

 2021 жылы 10 сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсаған деген мәселе бойынша:

Т.Рысқұлов ауданы прокуратурасының «Заңды бұзушылықты жою туралы» 2021 жылғы №02-0708-21-00520 ұсынысына сәйкес, мектеп директоры М.Қ.Мейманхановқа, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Исабаевқа,  психолог Р.Инкарбековаға, әлеуметтік педагог Ә.Уразбаеваға, сынып жетекшісі М.Дукенбаеваға «сөгіс» және психолог  Л.С.Башановаға, «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылған. (Бұйрықтар көшірмелері  қосымша тіркеледі).

 2016 жылы 8 жасар ұл бала зорланды деген мәселе бойынша:

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 64 бабының 4 тармағына, Т.Рысқұлов аудандық прокуратурасының 2016 жылдың 25 қаңтарындағы №2-0708-16-00458 заң бұзушылықты жою туралы ұсынысына сәйкес мектепте құқықтық тәрбие жұмысын әлсіретіп, өзіне жүктелген міндеттерді орындауда кемшіліктерге жол бергені үшін мектеп директорына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, мектеп психологына, сынып жетекшісіне және әлеуметтік педагогке  «сөгіс» түрінде тәртіптік шара берілген (Бұйрықтар көшірмелері  қосымша тіркеледі).

Түрлі бірнеше сөгіс алған директордың әлі күнге дейін бұл қызметте отыру себебі неде? Сонымен қатар, ширек ғасырдай мемлекеттік мекемені басқарған адамды ауыстыратын бір маман табылмағаны ма? Өкінішке қарай, осы сарындағы сұрағымызға Басқарма басшысы М. Азатұлынан, он күннен аса уақыт өтсе де, жауап болмады.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0