28-сәуір. Turaninform. Сырт қарағанда, Ай сол қашықтықта, бұрынғы қалпымен айналып жатқандай көрінеді. Дегенмен NASA бақылауына сай, жыл сайын Жерден алыстап барады. 3,8 сантиметрге.
Жер үшін Айдың маңызы зор. Бір ғана мысал. Айдың тартылыс күші арқасында Жер өз осінен баяулау айналады. Ал, Айдың пайда болуы туралы нақты ғылыми тұжырым жоқ. Аризона штатындағы (АҚШ) Университет ғалымдары, миллиардтаған жыл бұрын Жерге Марс шамалас ғарыш денесі соқтығып, содан Ай пайда болуы әбден мүмкін дегенді алға тартады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР