Астанада Human Capital Days – II халықаралық форумы өтеді

Астанада Human Capital Days – II халықаралық форумы өтеді

18 мамырда Астанада адами капиталды дамыту жөніндегі II халықаралық форум өтеді. Human Capital Days форумы бұл – адами капиталды дамыту, дұрыс қарым-қатынас орнату мәселесі бойынша әлемдік танымал білікті практиктер мен талдаушыларды бір ортаға біріктірген теңдесі жоқ бірегей мемлекетаралық алаң. Мұнда өзара қызупікір алмасып, білім көкжиегін кеңейтіп, біліктілікті арттыруға болады. Ал, сала мамандары мен сарапшылар пайдалы әрі маңызды, аса кұнды ақпараттармен бөліседі.

Іс-шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстаннан 270-тен астам қатысушы тіркелді. Олар: басқарушы директорлар, HR директорлары және HR серіктестері, жеке және квазимемлекеттік компаниялардың мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері.

Форумның бірінші күні қатысушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің спикерлерімен бірге Қазақстан Республикасының жаһандық мәселелерін талқылайды: еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік пен тапшылық, бар жаһандық сын-қатерлерді бағалау, еңбек көші-қонының әсері, ірі өнеркәсіптік компаниялардың персоналды дамытудағы рөлі, кадр саясатындағы ESG күн тәртібі, бизнес жағдайлары және квазимемлекеттік секторға жаңа мамандарды бейімдеу,  кәсіпорын үшін дағдарыстық жағдайларда қызметкерлерді босату бойынша жаңа пайдалы цифрлық жұмыс құралдарымен танысады.

Форумның екінші күні – HR стратегиялары күні. Талқыланатын тақырып: Фармацевтика саласындаұйымдық басқарудаұжымдағы ішкі коммуникацияны нығайтуда, қызметкерлердің білім сапасын көтеруде, адал тұтынушылар тартуда, тұрақты ішкі коммуникацияларды құруда, еңбек даулары мен жанжалдарды шешудеқай тәсіл табысты?

Екінші күнді кәсіби тренер және бизнес-кеңесші, психология ғылымдарының докторы, халықаралық Эриксон университетінің негізін қалаушы және президенті Мэрилин Аткинсон ашады. Ол трансформациялық көшбасшылық туралы айтады.

Форум бағдарламасы қызықты талқылаулар мен пайдалы семинарларға толы. «АХҚО» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Weir Minerals», «Эйр Астана» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы кадр бөлімінің мамандары өз жетістіктері туралы баяндайды.

Болжамдар мен нақты бақылаулар жайлы ASKLEPIY Group (Өзбекстан), Manpower, Ernst & Young, Samruk Qyzmet, Dmitry Chuprina & Partners, EMPATIA корпоративтік әл-ауқат платформасы, SAP, HRBOX, Lerna Corp экперттері мен сарапшы мамандар кеңінен бөлісетін болады.

Кәсіби қоғамдастықтағы қарым-қатынас HR мамандарына өз жетістіктерін бағалауға, тенденциялар мен мүмкіндіктерді көруге, жаңа құралдар мен әрі қарай жұмыс істеу үшін шабыт алуға мүмкіндік береді.

«Human Capital Days» форумының ашылуы: 2023 жыл

18 мамыр күні,  сағат9:30

Өтетін орны: Астана қаласы, «Rixos President Astana» қонақ үйі

Ресми қолдау: Қазақстан РеспубликасыЕңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Іс-шараның стратегиялық серіктесі: «Самұрық-Қазына» АҚ

Іс-шараны жүргізуші: TBD агенттігі

Құрметті, БАҚ өкілдері Human Capital Days, Kazakhstan форумына аккридитация алу үшін мына ссылкаға өтуіңізді сұраймыз https://docs.google.com/forms/d/1IknyIZFfQBI6PrzQW7MRGsIkWmvmQWw3HDvkiYErrXE/edit

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: Тел. +7 775 618 98 20 (ватсап, телеграмм) Бағдарлама https://docs.google.com/document/d/1YortV76Hww-5mlsXVxOwf3DSFhXnCMOc/edit?usp=sharing&ouid=109138519069371525402&rtpof=true&sd=true 

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0