Астанада «Data Center & Cloud Technology Week» өтеді

Астанада «Data Center & Cloud Technology Week» өтеді
 2026 жылғы 5-8 қазанда «Data Center & Cloud Kazakhstan Week» іс-шарасы өтеді. Бұл – Қазақстанда деректер орталықтарын жобалайтын, салатын және пайдаланатын, сондай-ақ бұлтты технологиялар мен цифрлық инфрақұрылымды дамытатын мамандарға арналған төрт күндік шара. Іс-шара Астанада алғаш рет өткізілгелі отыр.
 Астанадағы «Data Center & Cloud Technology Week» | 5-8 қазан, 2026 жыл
«Data Center & Cloud Kazakhstan Week» іс-шаралар топтамасының басты мақсаты – деректер орталықтары мен оларға қатысты қызметтерді жобалау, салу және пайдалану саласындағы білім мен озық тәжірибе алмасуға жәрдемдесу, сондай-ақ деректер орталықтары мен бұлтты технологиялар саласында кәсіби оқытуды қамтамасыз ету.
Іс-шара 2026 жылғы 5–8 қазан аралығында өтеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Сарыарқа көшесі 4, Radisson Hotel Astana
Төрт күндік бағдарлама салалық форумды, тәжірибелік семинарлар мен кәсіби оқыту курстарын қамтиды:
— 5 қазан: Тәжірибелік семинарларға арналған күн. Бұл сессияларда деректер орталықтары мен бұлтты технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру тәжірибесі қарастырылады.
— 6 қазан: «Data Center & Cloud Kazakhstan» атты 9-шы жыл сайынғы форум. Бұл – Қазақстандағы деректер орталықтары мен бұлтты қызметтерге арналған ең ірі кәсіби іс-шара. Форумның мазмұнды бағдарламасы аясында үш панельдік пікірталас («Қазақстандағы жасанды интеллект: қажеттіліктер, кедергілер және перспективалар», «2030 жылдан кейінгі Қазақстандағы инфрақұрылымдық бұлтты провайдерлер индустриясы» және «Жасанды интеллектке арналған деректер орталықтары: технологиялар мен тәжірибелер»), сондай-ақ деректер орталықтарын пайдалану жөніндегі сарапшылармен сұхбат өтеді.
— 7–8 қазан — «Деректер орталығын салу және пайдалану негіздері» атты оқыту курсы. Бұл — деректер орталықтарын пайдалануға қатысты қиындықтар мен мәселелерді жан-жақты қамтитын алғашқы курс. Бағдарлама қатысушыларға деректер орталығын салу, күнделікті пайдалану және техникалық қызмет көрсету процестері туралы тұтас түсінік беруге, сондай-ақ осы саладағы білімдерін кеңейтіп, тереңдетуге бағытталған.
Форумға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, сондай-ақ АКТ саласына жатпайтын компаниялар мен ұйымдардың CIO, CDO, CTO, деректер орталығының жұмысына жауапты басшылары, бас энергетиктері, IT және инженерлік мамандары үшін практикалық семинарлар мен форумға (6–7 қазан) қатысу тегін.
Биыл форум Астанада алғаш рет өткізіліп отыр.
Іс-шара туралы толық ақпарат мына веб-сайтта: https://dcforum.kz/

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0