30-мамыр. Turaninform. Әйгілі Nvidia-ның капиталдану көлемі $1 триллионның үстіне шықты. Әрі микрочип өндіретіндердің ішінде триллионды бағындырған тұңғыш компанияға айналды. Сейсенбі күні Нью-Йорк қаржы биржасында Nvidia акция пакетінің құны 412 АҚШ долларының үстіне көтерілген еді. Бұл өткен аптадағы деңгейінен әлдеқайда қымбат.
Осылайша, Nvidia триллион АҚШ долларын бағындырған Apple, Microsoft сияқты ірі компаниялардың шоғырына қосылды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР