8-тамыз. Turaninform. Дунай түбінен сонау гитлерлік Германия кезіндегі DKW NZ 350-1 мотоциклі табылды. Бұған өзеннің осыншалық тартылуы себеп болған. Будапешттен табылған немістердің екіаяқты көлігі, өткен ғасырдың сонау 40жж. ортасына таяу шығарылған. Жылдамдығы да әжептәуір деңгейге жеткен: 100 км/сағ-тан асады.
Аталған өзеннің тым тартылуы – вермахт кезіндегі басқа да әскери қарулардың табылуына себеп болып жатыр. Мәселен, танкке қарсы мина, артиллериялық снаряд және т.б.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР