Польша ядролық қару алғысы келеді

Польша ядролық қару алғысы келеді

30-маусым. Turaninform. Поляк елі өз территориясына ядролық қару қойғысы келеді. Бұл туралы аталған мемлекеттің премьер-министрі М. Моравецкий мәлім етті. Ол: “Кесімді сөзді америкалық, натолық әріптестер айтады. Біз бұл шаруаны жедел шешуге құлшынып отырғанымызды мәлімдегіміз келеді” – деді. Оның сөзінше, Ресей президенті түрлі қоқан-лоққы жасап жатқанда, қол қусырып отырған жарамайды.

Ресей осы жылдың соңына дейін Беларусь жеріне тактикалық ядролық қару орнататынын жариялады. Ал, НАТО-да қарсыласты ядролық ауыздықтау сипатындағы бағдарлама бұрыннан бар. Соған сәйкес, Германия, Бельгия, Нидерланды т.б. елдерге АҚШ-тың тактикалық ядролық қаруы орнатылған.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0