Будапешт меморандумына 30 жыл

Будапешт меморандумына 30 жыл

5-желтоқсан. Turaninform. Қ. Қалмахан. Осыдан отыз жыл бұрын Будапешт меморандумына қол қойылды. Украина ядролық қаруды таратпауды мойнына алып, жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартты, бәлкім айрылды деген дәлірек келер.

Кепіл берген елдер – АҚШ, Ұлыбритания және Ресей.
Украинаға берілген кепілдіктердің қысқаша сипаты мынадай:
● Украина тәуелсіздігін, егемендігін белгіленген шекара шеңберінде құрметтеу;
● Украинаға қарсы күш қолданбау;
● Басымдық көрсету үшін, экономикалық қысым жасамау;
● Агрессияға ұшыраса, көмектесу мақсатында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шұғыл өткізу;
● Келісімге қол қойған елдерге, яғни Украинаға қарсы ешқандай ядролық қару қолданбау.

Кепіл берушілердің бірі Ресей, Келісімді бұзып, Украина жерінің бір бөлігін басып алды. Қалған елдер территориялық қауіпсіздігін сақтай  алмады. Ендігі Ресейдің, беті әрмен, ядролық қару қолдануы ғана қалды.
Осылайша, Ядролық қаруды таратпау туралы келісімдегі кепілдіктер түкке тұрғысыз екенін көрсетті. Келісім ішінде Қазақстан да бар…
Егер, Украина бұлай келіспей, болмағанда, тактикалық ядролық қаруын сақтап қалғанда, қазіргідей өте ауыр жағдай басынан өтпес пе еді…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0