23-қаңтар. Turaninform. Былтыр интернетті әдейі бұғаттау, шектеу салдарынан әлемдік экономика $9 миллиардтан аса шығынға ұшыраған. Жер жүзі бойынша, интернет және әлеуметтік желілер 79,238 сағат блокталған екен. Зиян тартқан елдердің басында Ресей тұр: 4.02 млрд. АҚШ доллары.
Дегенмен әлемдік деңгейдегі шығын көлемі алдыңғы жылғыдан азайған. 2022ж. $24.61 миллиард болған еді.
Әлемдік анти ТОП-10 ішінде төмендегі елдер тұр:
1. Ресей;
2. Эфиопия;
3. Иран;
4. Мьянма;
5. Үндістан;
6. Ирак;
7. Пәкістан;
8. Алжир;
9. Сенегал;
10. Әзірбайжан.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР