19-ақпан. Turaninform. The Economist Intelligence Unit зерттеуіне сәйкес, Қазақстан демократия индексі бойынша, әлем елдері ішінде 120-орын алды. Ұпайы – 3,08. Көрсеткіші үш жылдан бері өзгермеген. Ал, 2006ж. деңгейінен тіпті төмен.
Кей көрші елдермен салыстырсақ. Ресей бұрынғы деңгейінен төмен сырғып, 144-орынға табан тіреген. Қытай мен Өзбекстан 148-орынды өзара бөліскен. Бұрын демократиядан аз-маз үлгілі саналған, ұпайы қайсыбір жылдары бестің үстіне шыққан Қырғыз Республикасына 109-орын тиген.
Ал, Африка мемлекеті Ботсвана 33-орында тұр.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР