Қазақстан сөз бостандығынан бір саты алға жылжыды

Қазақстан сөз бостандығынан бір саты алға жылжыды

15-мамыр. Turaninform. Биыл Қазақстан сөз еркіндігінен, баспасөз бостандығынан бір саты алға жылжыды. Бұл жолы 141-орын тиді. Дегенмен жиған ұпайы (39.34), былтырғыдан төмен (45.87). “Reporters without borders” халықаралық үкіметтік емес ұйымының берген бағасы осындай. Нашар көрсеткіш, әрине.

Қазақстанды шекаралас елдерімен салыстырсақ. Қытай тізімге алынған 180 ел мен территорияның ішінде 178-орында тұр. Бұрын бізден әлдеқайда озық тұрған Қырғыз Республикасы да бізден кейінгі орындардың бірінде (144). Ресей 171-орынға дейін құлдыраған. Түрікменстандағы “тұрақтылық” пен Өзбекстандағы саяси жылымықтан төмен жағдай Қазақстанды аталған елдерден де оздырып тұр.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0