21-ақпан. Turaninform. Әлем елдерінің Орталық банкі былтыр да алтынды көбірек алуға ұмтылған. Алтын бойынша бүкіләлемдік кеңестің таратқан ақпаратына қарағанда, өткен жылы солардың тарапынан 1037,4 тонна сатып алынған екен.
Ал, алтынды астына көп басқан елдің басында әлі сол АҚШ келеді. Бұл мемлекеттің 8133 тоннадан сәл асатын алтыны бар.
Десек те, кей елдердің резерві азайған. Мұның ішінде Қазақстан да бар.
ТОП-10 елдері болса, төмендегідей тізілген:
1. АҚШ;
2. Германия;
3. Италия;
4. Франция;
5. Ресей;
6. Қытай;
7. Швейцария;
8. Жапония;
9. Үндістан;
10. Нидерланды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР