Қазақстанда құлаған ұшаққа қатысты алыпқашпа сөздер тарап кетті

Қазақстанда құлаған ұшаққа қатысты алыпқашпа сөздер тарап кетті

26-желтоқсан. Turaninform. Кеше Қазақстан жеріне құлаған, әзірбайжандық әуе компаниясына тиесілі, Embraer 190 ұшағы ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасымен атқыланған деген қауесет тарауда. Бұған түрткі болған ұшақтағы әртүрлі көлемдегі тесіктер. Мұның үстіне жолаушылардың сөздері де, сол аймақтағы әскери ахуал да осы нұсқаға жетелейді. Ресми ақпаратта құстардың соқтығысуы апатқа әкелгені айтылды. Десек те, мұндай жағдайдан құлауы өте сирек кездесетін оқиға делінеді.

Өкінішке қарай, әуе апаты салдарынан 38 адам қаза тапты. Отызға жуығы әртүрлі деңгейде жарақат алған.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0