16-мамыр. Turaninform. Жер жүзінің 36 мемлекеті Ресейдің Украинаға қарсы қылмыстары үшін жауапқа тарту – Арнайы трибунал жасау туралы келісімге қол қойды. Мұны “Путинге арналған трибунал” деп те атайды. Көбісі Еуропа мемлекеттері. Еуропадан тыс елдердің қатарында, әзірге Австралия мен Коста-Рика бар.
Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысында кездесіп жатқан адамзатқа қарсы және әскери қылмыстарын тізу Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) тарапынан бірнеше жыл бұрын басталды. ХҚС тіпті Кремль қожасын тұтқынға алу туралы шешім де шығарып қойған. Бірақ, оны желкелеп алып, Гаага сотынан бір-ақ шығаратын саяси күш табылмай тұрған секілді…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР