Тайсон Полдан жеңілді

Тайсон Полдан жеңілді

16-қараша. Turaninform. Қ. Нұрғали. Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолюттік чемпионы Майк Тайсон, ютубер Джейк Полдан ұпай санымен жеңілді. Олардың жекпе-жегі сегіз раундтық болды. Әр раунды 2 минуттан.
Тайсон алғашқы раундта басым түсті. Тіпті ұрып құлататындай сәт те кездесті. Дегенмен ұзамай, басымдықты ютубер алды. Ол қашықтықты сақтай жүріп, соққылады. Оның дәл тиген соққылары әйгілі боксшының көрсеткішінен төрт есе асып кетті.
Алпысқа таяп тұрып, сонша бұлшықет жинап, кәсіпқой бокстың рингінде өнер көрсету – әркімнің қолынан келмейді, әрине. Тайсон, бұл жағынан, қанша адамның жігерін жаныса керек. Тағы бір мән берерлік дүние, ол әлі де стадион толы адам жинайтындай деңгейде екенін көрсетті. Жас өз дегенін алатыны болмаса…
Сондай-ақ, ақпараттарға қарағанда, Тайсон бұл кездесуден $20 млн табады. Ал, Пол одан екі есе көп алады екен.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0