Израиль-Иран әскери қақтығысы жалғасуда…

Израиль-Иран әскери қақтығысы жалғасуда…
14-маусым. Turaninform. Қ. Нұрғали. Кеше басталған Иран-Израиль әскери қақтығысының бүгін тоқтайтын түрі байқалмайды. Оқиға салдарынан әзірге Израильде үш, Иранда 78 адам қаза тапты. Еврей елі ирандық билік атом қаруын жасауға таяп қалды, сондықтан мемлекеттігімізге қауіп төнуінің алдын аламыз деп, кеше Иранның ядролық нысандарын атқылаған еді. Генералдарын, осы салада жүрген физиктерін, т.б. ықпалды адамдарын мерт қылды.
 Кеше Израиль әскери операцияны бастауға 200 ұшақ пен үш жүзден аса зымыран қолданды. Иран жауап ретінде шамамен жүз зымыран ұшырған. Дегенмен көбісін жерге түспей жатып, еврейлер аспанда қағып түсірген.
 Бұл оқиға Иранның әскери жағынан заманауи жарақтанған армия алдында осал екенін әлемге паш етті. Сонымен қатар, Израильдің барлау қызметі де үздік екенін көрсетті. Тегеран еврей елі түгілі, соған көмектесуші елдер болса, соларды да қырып-жоятынын айтып, кеудесін ұрып жатыр. Бір-екі тістеп шамасын байқаған ендігі Израильдің одан бығатын түрі байқалмайды, қайта әрі қарай барудан тайынбайтындай…
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0