Парламент президентке импичмент жариялады…

Парламент президентке импичмент жариялады…

14-желтоқсан. Turaninform. Корея Республикасының парламенті ел президенті Юн Сок Ёльге қарсы импичментті ақыры қолдады. Осыдан бір апта бұрын дауысқа салғанда, қабылданбады.
Президент өткен аптада әскери жағдай жариялағанда, Парламенті өре түрегеліп, тоқтатқан еді. Әскери жағдай орнағанда, Юн Сок Ёль билікті, қоғамды тырп еткізбей, бақылауға алуына мүмкіндік туатын.

Сонымен қатар, ел президентінің бұл қадамы, өзіне қарсы импичмент жариялау мәселесін тудырды. Оңтүстік Кореяда өткен ғасырдың 70жж. аяғынан бері әскери жағдай орнамаған болатын.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0