Экс-президент өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Экс-президент өмір бойына бас бостандығынан айрылды

19-ақпан. Turaninform. Корея Республикасының экс-президенті Юн Сок Ёль өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Жазаны Сеулдің Орталық округтік соты кесті. Ол жалған әскери жағдай енгізу арқылы бүлік жасауға жетекшілік етті делінген. Мұның алдында арнайы прокурор өлім жазасына кесуді сұраған болатын.

Юн Сок Ёль президент болып тұрғанда, 2024ж. желтоқсанында оппозиция мемлекетке қарсы әрекет етуді ойластыруда деп әскери жағдай енгізетінін жариялаған еді. Осылайша, Ұлттық жиналысты (Парламент) тұсаулау үшін әскер жіберді. Бірақ, Заң шығарушы орган берілмей, оның шешімін іске асырмай, керісінше, өзіне импичмент жариялады.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0