Д.Трамп-В.Зеленский келіссөзі дауға ұласты

Д.Трамп-В.Зеленский келіссөзі дауға ұласты

1-наурыз. Turaninform. Қ. Қалмахан. Өкінішке қарай, Д.Трамп-В.Зеленский келіссөзі сәтсіз аяқталды. Әдемі-ақ келе жатқан екеуара әңгімені АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің араласуы бұзды немесе берісі бұзылуына әсер етті. Ол Украина президентіне әлдебір тиісе, басына сөйледі. Мұны Д. Трамп та іліп әкетті. – Біздің әскери қару болмаса, соғыс екі аптада бітер ме еді, – деді. “Үш күнде…” дегенді Ресей басшысынан естігенін айтып, Украина президенті де кекесінге салды.
В. Зеленский басынуға жол бергісі келмеді ғой деймін, көтеріліп кетті.
“Президент Зеленский бейбітшілікке дайын емесін түсіндім…”, – деді Д.Трамп. Әрі АҚШ-қа, сондағы Сопақ кабинетке құрметпен қарамады деп қапаланды. Сондай-ақ: “Ол бейбітшілікке дайын болғанда, келуіне болады”, – деп түйіндейді.

Бұл оқиғадан кейін Еуропаның қалың елі – Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Дания, Молдова, Латвия, Литва, Эстония, Чехия, Нидерланды Украинамен бірге екенін ашық білдірді. Арасын мұхит бөліп тұрған Австралия да, Канада да Киевті қолдады.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0