10-наурыз. Turaninform. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы орташа көрсеткіші былтыр 59 мың АҚШ доллары болған. Халықаралық валюта қорының мәліметі осындай. Бұл дамушы және нарықтық жүйе қалыптасу үстіндегі елдердің деңгейінен 9 еседей артық! Өкінішке қарай, әлемдік қазіргі саяси ахуал дамушы елдердің тұтастай экономикалық жағдайына оң әсер етпейді.
Әрине, бұл дамушы елдердің бәрі сіңірі шыққан кедейлер дегенді білдірмейді. Мысалы, сол дамушы елдердің ішінде Қазақстан, Түркие, Қытай т.б. елдердің осы бойынша көрсеткіші әлемдік орташа деңгейден сәл жоғары.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР