17-наурыз. Turaninform. Франция президенті бітім әскерін кіргізу-кіргізбеуді Украина өзі шешетінін айтты. “Украина – егемен ел. Егер, ол өз жеріне одақтастардан (бітімгерлік) әскер енгізуді сұраса, бұған рұқсат ету не қарсы болу – Ресейдің шаруасы емес”, – деді Э. Макрон. Ол Кремль қожасы бітімге келгісі жоғын мәлімдеді.
Былтыр-ақ Франция президенті Украинаға әскер жіберуді қозғаған еді. Дегенмен Батыс әлі нақты бір шешімге келген жоқ. Тіпті мұндай тақырыпты қозғаудан ат тонын ала қашатын елдер де аз емес. Енді АҚШ билігі де Украина соғысы өзіне қатысы жоқ, яғни Еуропа мәселесі дегенге келтірді. Ал, Ресей болса, өзі секілді тоталитарлы одақтас елден әскер алдырды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР