26-наурыз. Turaninform. Қ. Нұрғали. Д. Трамп президент бола сала, антимигранттық жарлыққа қол қойғаны белгілі. Бұған басқаны былай қойғанда, билік өкілдері де қарсы шықты. Конституцияға қайшы деп. Жә, бұл жағын өздері талқыға салар. Біз әлеуметтік-экономикалық жағына қысқаша үңілсек.
Бүгінгі күні басқа елде туып, бірақ, АҚШ-та өмір сүріп жатқандар саны 50 миллионға таяды. Олар экономикалық өсімге әсер ететіндей күшке айналды. Мәселен, мигранттарды желкелеп алып, елден шығарып жіберсе, ЖІӨ-і 5-10%-ға төмендеуі мүмкін екен. Бұл дегеніңіз триллиондаған ақшадан айрылу. Әрі елдің әл-ауқатын да кері сүйрейтін зор сома. Мұның үстіне 2040ж. өлгендер туғандар санынан асып түседі деп болжанып отыр. Демографиялық оқпанға түсуге жақын қалды. Ал, соқтырмай өтетін бір жол – мигранттар, тиісінше, иммигранттар есебінен өсейін деп отыр.
Сондықтан Д. Трамп неше жерден күшенсе де, АҚШ-ты мигранттардан арылта алмаса керек. Әрине, белгілі бір шектеуге шамасы жетеді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР