29-наурыз. Turaninform. Мьянма билігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кемі 1644 адам қаза тапқан. 3408 адам зардап шеккен. Дегенмен бұдан да көп болуы мүмкін. Рихтер шкаласы бойынша 7,7 балл көрсеткен кешегі жойқын жер сілкінісінің салдары экономиканы да шайқап кететіні анық.
Сонымен қатар, Қытай және Таиландта да жерасты дүмпіген. Таиландта тұрғызылып қойған көпқабатты ғимарат, көзді ашып-жұмғанша қирады. Астанасы Бангкокте 10 адам осы табиғи апаттан қайтыс болған.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР