23-наурыз. Turaninform. Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залына қарулы шағын топ кіріп, адамдарды атқан. Қаза тапқандар саны кемі алпыс көрінеді. 146 адам жапа шеккен. Дегенмен мәліметтер әлі өзгеруі мүмкін.
«Крокус Сити Холлға» он мыңғы жуық адам сыяды. Бұл Мәскеудегі концерт қоятын бірден-бір үлкен алаң. Мыңдаған адам “Пикник” тобының концертін тамашалауға келген.
АҚШ: теракт артында “Ислам мемлекетінің” (Қазақстанда тыйым салынған) ауғанстандық ұяшығы – “Хорасан уәлаяты” (Қазақстанда тыйым салынған) тұр деп санайды. Мұның алдында, яғни, 7-наурызда аталған ел Ресей билігіне теракт болуы мүмкін екенін ескерткен. Содан он күннен аса уақыт өткенде, Ресей президенті: “…қорқыту пиғылы, қоғамды шайқау” секілді теріс ниетпен айтып отыр деп, айыптаған еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР