ӘЛҚИССА
Әбілқайыр хан жайлы өрбіген қолайсыз әңгімелерге байланысты көлемді сын мақала жазып ек бұдан жиырма жеті жыл бұрын. Араша түсіп. Біреулердің айтып жүргеніндей емес деп. Дәлелдерімізді келтіріп. «Ана тілі» газетіне жарияладық, 1998 жылы.
Бірде кітап дүкеніне бас сұққанымда көзім сөредегі «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» атты кітапқа түсті. Қуанып, қолыма алдым. Ақтара бастадым. Баспадан 1999 жылы шығыпты. Авторы – Ирина Ерофеева есімді тарихшы екен. Тарих ғылымдарының кандидаты. Бұл – 2000 жылы жаз айы-тын.
Сатып алдық. Оқыдық. 1710 жылы үш жүздің қазағы Қарақұмда Әбілқайырды хан қып сайлап алыпты. Ғазиз Тәукенің көзі тірісінде-ақ. Осыған сәл шүбәландық. Бірақ рас та шығар, оқиғаны арнайы зерттеген тарихшы айтып отыр ғой деп күдігімізді сейілтік. Әбілқайыр 1724 жылы Түркістанды алты ай бойы жауға бермей ұстап тұрыпты. 1726 жылы Бұланты, Аңырақай шайқастарында Басқолбасшы боп Қазақ ордасын жоңғардан азат етіпті. Бұған күмән келтірмедік. Иландық.Хан иеміздіңерлік ісіне сүйсіндік.
Бек риза болдық, қазақтың бағына туған қыз екен, нәсілі басқа болса да деп. Тарихтың шындығын ашыпты деп.
Кейін Я.П. Гавердовскийдің «Дневные записки в степи Киргиз-кайсакской в 1803-м и 1804-м гг.» аталатын еңбегімен, «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках» деген атаумен жарық көрген архив құжаттарымен мұқият таныстық.
Бұлармен шектелмедік. XVIII ғасыр тарихына қатысты жазылған Пальмовтың, Позднеевтің, Бакуниннің, Тынышпаевтың, Златкиннің, тағы қаншама зерттеушілердің, сондай-ақ, қалмақ ғалымдарының сандаған монографияларын ақтардық.
Кейін бұл еңбектерде таңбаланған деректердің Ерофееваның кітаптарындағы мәліметтермен мүлде үйлеспейтінін аңғардық. Бұдан соң оның «Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» (бұл «Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы» деген атаумен қазақшаға аударылған) атты еңбегімен және өзі құрастырып, түсініктемелерін жазған «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг.» аталатын жинақтың 1-томымен және таныстық. Осыдан кейін-ақ жұрт құлай сеніп жүрген «білгір тарихшының» жәйі бізге әбден түсінікті болды…
Ерофееваның тарихқа жасаған қиянатын жариялауды жөн көрдік. Дәлелді сөзге тоқтамайтын бәтуасызарсыздар үшін емес, олар бірдеңе ұғады деп үміттену – босқа арамтер болу, таяздық. Дұрыс пен бұрысты айыра алатын, санасында саңылауы барлар үшін. Кейінгілер үшін. Біле жүрсін, адаспасын деп.
Хош, негізгі айтпағымызға көшейік.
ТАБЫН БӨКЕНБАЙДЫҢ ӨЛІМІ МЕН ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ ТУРАСЫНДА
Ерофеева XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының бодандығын қабылдау кезінде айрықша белсенділік көрсеткен Табын руынан шыққан Бөкенбайдың өлімі туралы шындық пен мүрдесі жерленген жерді былайша бұрмалайды: «В начале 1742 г. Бокенбай возглавил военный поход пятсотенного отряда казахов против мангышлакских туркмен «взятья полону и отгону скота», но встретил ожесточенное сопротивление неприятеля и погиб в кровопролитном бою вместе с сотней других воинов Младшего жуза. (КРО-1. С. 205, 211; ИКРИ-4. С. 33). Был похоронен в районе верхнего течения реки Ыргыз, на вершине конусообразной сопки, расположенной северо-западнее горы Кабанкула, юго-восточнее современного аула Курылыс (совр. Иргызский район Актюбинской области). Место захоронения прославленного батыра позднее народ увековечил в названии этой горы – Бокенбай, или Богенбай, шокасы – «Пик Бокенбая» (ИКРИ-5. С. 92, 219-220; Актюбинская область, С. 93) (Қараңыз: Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах / Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компания», 2014. Стр. 412).
Ескерте кетейік, Ерофееваның «ИКРИ-5» деп сілтеме жасаған дереккөзін таратып ашып көрсеткенде былай: «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. V том». Алматы шәрінен 2007 жылы жарық көрген.
Бұл кітапта 1803 жылы Ырғыз өңіріне әдейі сапарлап келген орыс офицері Я.П.Гавердовскийдің өз қолымен «Дневные записки в степи Киргиз-кайсакской в 1803-м и 1804-м гг.» деген атаумен бірнеше тарауға бөліп, түзіп кеткен жазбалары топтастырылған. Ерофеева осындағы мәліметтерді өрескел бұрмалап, Табын Бөкенбайға жапсырып отыр. Айғақ берейік бұған, былай деп таңбаланған онда: «При воззрении на Буканбаевы горы и на маяк Буканбаев, киргизцы не могли утерпеть, чтобы не уведомить нас о причине такового их наименования. «В старину, – говорили они, – когда калмыки, притесня орду нашу чрез набеги, оставались обитать частью в здешних окрестностях, старшина Буканбай с подвластными ему аулами имел главное кочевье в горах, носящих теперь его имя, (астын сыздық.-Б.К.) где природа соединила все выгоды, потребные для жизни. Чтобы вернее спасти свое убежище от неприятелей, он располагал всегда свой в долине, окруженной отовсюду возвышенными местами, по коим паслись табуны под наблюдением расставленных на вершине гор караулов… Долго, таким образом, охранялось сие природное укрепление, но, наконец, жестокое сражение, в коем Буканбай лишился жизни, открыл врагам путь в середину. Тело сего героя погребено на горе маячной» (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Первые историко-этнографческие описания казахских земель. Первоя половина XIX века / Сост. И.В.Ерофеева, Б.Т. Жанаев – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. Том. V. Стр. 219-220).
Куә боп отырмыз, шоқыға жерленген батыр жайлы орыс офицері таңбалаған дерек мүлде басқа, мұнда «старшина Буканбай» қалмақтармен шайқаста қаза болып, өзі мекендеп, шолғын қылған биік шоқыға жерленген, таудың атауы соның есімімен аталған деп отыр.
Я.П. Гавердовскийдің бұл мәліметін растап, бекіте түсетін, алыс заманнан жетіп, халық арасында осы күнгедейін айтылып келе жатқан мынадай әңгіме бар: тынышы жоғалған бір заманда қалмақтар Шекті елінің шет жағында отырған ауылға тұтқиылдан тиіп, адамдарды тұтқынға алады, малдарын айдап кетеді. Соны естіген осы жұрттың батыры Бөгенбай, ағасы Таласбай, тағы біраз адам атқа қонып, жаудың соңына түседі. Өздері үстіне шығып, айналаға шолғын жасайтын биік шоқыға жақындағанда Таласбай таудың басынан қараң еткен әлденені байқап қалады. Әуеліде құс деп ойлайды. Сөйтсе биікке шығып, бұларды бақылап жүрген қалмақтардың шолғыншысы екен. Бөгенбай «кері қайтпаймыз не болса да бұлармен айқасамыз» дейді. Тобындағы біреуін ауылға қайтарады «тез адамдарды жинап кел!» деп.
Бұлар ілгері жүріп, шоқыны жанап өте бергенде арғы жағында шоғырланып тұрған қалмақтарды көреді. Сонан шайқас басталады. Қарулы қазақтар біразға дейін бой бермейді. Әлден соң қиқулаған көмек те жетеді. Тың күш келіп қосылғасын қазақтар жауды ығыстыра бастайды. Бір кезде Бөгенбай қалмақтардың ортасына түсіп қалады. Таласбайдың астындағы аты – жүйрік, екпіні – тегеурінді екен дейді айтушылар. Ол өлген-тірілгеніне қарамай топты бұзып-жарып кіреді де ауыр жарақат алып, ат жалын құшқан Бөгенбайды алып шығады. Осы қанды қырғынға баласы Тінәлі, немересі Қарабек те қатысқан дейді. Қарабек бұл шайқаста екі қалмақты жекпе-жекке шақырып, оларды найзаға іледі. Дұшпан ойсырай жеңіледі. Тірі қалған бірен-сараны байлап-матап алып кеткен қазақтарды, олжалаған малдарды тастай қашыпты дейді.
Ауыр жарақаттан Бөгенбай жан тапсырады. Өзі қарауыл қылған шоқының етегіне елі ақ жуып, арулап жерлейді. Содан Қаракесек тайпасы (Әлім-Шөмен) батыр мүрдесі жатқан, Ырғыздың (Жармола) оңтүстік-батыс жағында, 40 шақырым жерде орналасқан биікті «Бөгенбай тауы» атап кеткен.
«Қазақстан табиғаты» атты энциклопедияда былай деп жазылған: «Бөгенбай – Шалқар-Ырғыз автомоб. жолы бойындағы шоқы. Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. Ырғыз а-нан оңт.-батысқа қарай 45 км жерде. Абс. биікт. 240 м. Оқшау орналасқан шоқының орта тұсы дөңгелек пішінді және көтеріңкі келген. Оның ұзындығы мен ені шамамен 300 м-ге жуық. Батысынан Ырғыз өз-нің кішігірім саласы – Талдысай өз. өтеді. Шоқының басында Жангелді аталығының ру басы, Шектінің батыры Бөгенбай батыр жерленген» (Қараңыз: Қазақстан табиғаты. А-Е. 1-том. Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2008 жыл, 272-бет).
Шекті Бөгенбай батыр жөніндегі осындай мәлімет «Атамекен» аталатын географиялық энциклопедияға да енген (Қараңыз: Атамекен: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл, 160-161 беттер).
Қолымызда Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы карта бар. Мұнда былай деп жазылған: «Бұл карта 1976-1993 жылдардағы материалдар бойынша РМҚК «Картография» баспасында құрастырылып, дайындалды. Карта 2001 жылы түзетілді». Міне, осы картада «Бөгенбай тауы» (240 м.) деп қазақша ап-анық таңбаланған. (Қараңыз: №1 карта. Бөгенбай тауы немесе шоқысы).
Ақтөбе облысы территориясының көлеміне, жер-су атауларына қатысты мәліметтер түзіліп, әр жылдары жарық көрген карталар:
а) «Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Картаны 2012 жылы РМҚК-ның Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» жасап, баспаға дайындап және басып шығарды». Осында пікір өзегі болып отырған шоқы «Бөгенбай тауы» деп көрсетілген;
ә) «Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Картаны 2023 жылы жаңартып және баспаға дайындаған «Ұлттық геодезия және кеңістік ақпарат орталығы» РМК «Республикалық картографиялық фабрика» филиалы». Мұнда да «Бөгенбай тауы» деп жазылған дерек тұр.
Ал Ресей империясының Сыртқы істер Министрлігінің архивінде сақталған 1742 жылы маусымның 7-сінде түзілген құжатта Бөкенбай өлімі жөніндегі деректер басқаша, бүй дейді онда: «Того ж мая 28 числа яицкое войско, чрез приехавшего ис Кайсацкой орды яицкого казака Харку, доносит… бытность кайсацкий владелец же Букенбай в числе пятисот человек ходил под трухменцев для взятья у них полону и отгону скота, токмо они, турхменцы, их, кайсаков, всех побил до смерти» (Қараңыз: АВПР, ф. 122, 1742 г., д. 4, лл. 50-54 об.).
Ажалы түрікпендерден болған Табын Бөкенбайдың денесі қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы территориясына әкелініп, жерленген. Ұрпақтары беріректе жан-жаққа сауын айтып, ас беріп, басына белгі орнатқан (Қараңыз: Баһадүр батыр Бөкенбай. – Ақтөбе, «ЖК С.Т.Жанәділов баспаханасы», 2011 жыл, 360-363, 412-415-беттер).
Осы тұста ұмытпай тұрып, тап қазір айта кететін тағы бір жайт бар. Ерофееваның «Бокенбай возглавил военный поход…» деп отырғаны да – бос сөз! Айғаққа тартып отырған мына архивтік мәлімет Бөкенбайдың барымтаға барғанда ажал құшқанын бұлтартпай куәландырып тұр. Ерофееваны қоштаушы әсіре «бөкенбайшылдар» осы шындықты елге басқаша қып таратқысы келеді. Бұған «Бөкенбай бір түрікпеннің улап тыққан найзасының жарақатынан кейін біраздан соң өлді» деп көрсеткен, құрап-сырап түзілген жасанды, авторлығы эпик-жыршы, руы Шөмішті-Табын Тілеумағамбет Аманжолұлына (1865-1935) телінген, көркемдік дәрежесі төмен «жырды» айғақ қылып жүр (Қараңыз: Баһадүр батыр Бөкенбай. – Ақтөбе, «ЖК С.Т.Жанәділов баспаханасы», 2011 жыл, 178-201 беттер).
Жақсы, негізгі айтпағымызға оралайық. Жоғарыда баяндалған мәліметтер екі түрлі.
Сонда Ерофеева өзі келтірген архив деректеріндегі оқиғалардың, ондағы кейіпкерлердің бір-бірінен мүлде екі бөлек екенін саралап ажыратуға өресі жетпеген немесе біреулердің ықпалына түсіп, әдейі бұрмалап, бейбастақтыққа саналы түрде барған.
ТАРИХЫ БҰРМАЛАНЫП, ТАБЫН БӨКЕНБАЙҒА ТАҢЫЛҒАН
ҚАРАКЕСЕК ЖИЫНЫ
Ғылымдағы әдепті, адалдықты біржолата ысырып қойған Ерофеева Я.П. Гавердовский қағазға қаттап кеткен, 1710 жылғы жиында халық алдында айтқан «Буканбайдың» сөзін де еш дәлелсіз Табын Бөкенбайға жапсырған. Қысқа қайырайық, ол: «…1710 жылы Қарақұмда өткен Кіші жүздің игі жақсыларының тарихи құрылтайында Бөкенбай Қарабатырұлы алшындарды басты жауға қарсы күреске бірігуіне үндеп, жалынды, тарихи сөз сөйледі. …үш жүздің күллі ер-азаматын бір ғана мақсатқа бағыттаудың бастамасы, алғашқы сатысы болды», – дейді (Қараңыз: Ерофеева И.В. Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы. / Ауд. Мейірхан Ақдәулетұлы. – Алматы: Servise Press, 2018 жыл, 81, 159-160 беттер).
Ерофеева бұрмалап отырған бұл оқиғаның нақты шындығын ашып көрсетейік.
Я.П.Гавердовскийдің «Дневные записки в степи Киргиз-кайсакской в 1803-м и 1804-м гг.» аталатын еңбегінде экспедицияға бағдар беріп, жол бастап келе жатқан тархан Қаракөбек би мен Боранбай бидің, т.б. айтуымен түзіп кеткен 1710 жылғы жиын жайындағы мәліметтер тіпті басқаша. Қалмақтың шапқыншылығынан әбден титықтаған қоңсылас отырған рулардың көсемдері Қарақұмда кеңеске жиналады. Қорғанудың амалын табу үшін. Осы бас қосуда үрейге бой алдырғандардың бірқатары қонтайшыға құлдық ұрып, бағынышты болуды ұсынады, енді біреулері мекенді тастап Еділ асайық дейді, қайсыбірі әр жаққа шашырай қашайық деген ой айтады.
Әрі қарай оқиғаның қалай өрбігенін баяндап түзген Я.П.Гавердовскийдің өз мәтінін қаз-қалпында келтірейік, былай дейді: «Но известный в то время по храбрости старшина Буканбай уничтожил сие предприятие их. Киргизцы рассказывают, (жолбастаушы тархан Қаракөбек би, Боранбай би, т.б. айтып отыр.-Б.К.) что он среди жаркого спора, разорвав на себе одежду и повергнув в круг совета меч свой, говорил в исступлении: «Отмстим врагам нашим! Умрем с оружием! Не будем слабыми зрителями разграбленных кочевок и плененных детей наших! Робели ли когда воины равнин кипчакских! Сия брада еще не украшалась сединою, как я багрил руки свои в крови неприятелей (астын сыздық.-Б.К.). Теперь могу ль равнодушно снесть тиранство от варваров? Еще нет у нас недостатка в добрых конях! Еще не опустел колчан со стрелами острыми!». После сего все торжественно клялись следовать совету Буканбая. Энтузиазм достиг даже до того, что некоторые из старейшин для усугубления клятвы открыли себе раны и точили кровь свою на пылающий среди них костер. По окончании присяги совершалось общее богомоление, и разделено было жертвенное брашно, приготовленного из белого коня. Они хотели чрез сие ознаменовать непоколебимость союза. Орды избрали в сие время султана Абулхаира, как старшего сына из фамилии ханской, а Буканбая благодарный народ провозгласил своим предводителем. К союзу сему, названному по месту, где был съезд, Каракисяцким, присоединились из Меньшой орды большая часть рода алимулынского, часть байулынского и чжидеруу, а из Средней – несколько семей кипчаков и найманов» (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Первые историко-этнографческие описания казахских земель. Первоя половина XIX века / Сост. И.В.Ерофеева, Б.Т.Жанаев – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. Том. V. Стр. 393-394).
Қарақұмда өткен бас қосуды (құрылтай емес!) «Қаракесек жиыны» деп атауының да мәнісін аша кетелік осы тұста, түсінікті болу үшін. Шежіреде былай делінеді: Алшыннан – Алау. Алаудан – Құдияр Тентек. Құдияр Тентектен – Қаракесек. (шын есімі – Кәдірқожа). Қаракесектен – Әлім, Шөмен.
Әлімнен – Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегенболат (Қарасақал), Тойқожа (Кете).
Ал Шөменнен – Шөмекей, Дөйт (ұрпақ жоқ). Шөмекейден – Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл. Міне, осы он тайпа ел «Қаракесек» атанған.
Енді 1710 жылы Қаракесек жиынында «Сия брада еще не украсилась сединою, как я багрил руки свои в крови неприятелей» деген сөзді айтқан кім, Табын Бөкенбай ма, әлде Шекті Бөгенбай ма, соның ақ-қарасына жетейік.
Мынаны еске сала кетейік. «Табын Бөкенбайдың дүниеге келген нақты уақыты – 1667 жыл» деп тұжырымдалған (Қараңыз: Баһадүр батыр Бөкенбай. – Ақтөбе, «ЖК С.Т.Жанәділов баспаханасы», 2011 жыл, 343-бет). Қарақұмда басқосу өткен кезде ол 43 жаста екен.
Келтірілген деректерді мұқият зерделеп қарағанда, 1710 жылғы Қаракесек (Әлім-Шөмен) жиынында елді рухтандырып, бірлікке шақырғанда «Сия брада еще не украсилась сединою, как я багрил руки свои в крови неприятелей – Сақалыма әлі ақ түспеген-ді мына қолымды жауларымның қанына бояғанда» деп айтылған сөз кеңеске қатысқан Табын Бөкенбай емес, Шекті Бөгенбай екенін толық дәлелдейді.
Әлгіндегі баяндап өткен, ел ішінде айтылатын мәліметтерге сүйенсек, Шекті Бөгенбайдың жасы сол кезде 60-тың шамасында деп топшылаймыз. Ауызша деректе «қалмақтармен болған шайқасқа батырдың баласы Тінәлі, немересі Қарабек те қатысқан» делінген. Сонда ұлының жасы 40-тың төңірегінде, немересінің де ат жалын тартып, азамат болған кезі, 20-ның о жақ, бұ жағында. Шайқас 1715-1717 жылдар аралығында өтіп, Бөгенбай алпыстың орта маңында (65-67) қаза тапқан сияқты. Нақты дерек болмағандықтан әрі не бері сәл-сәл ғана ауытқуымыз мүмкін, бірақ шамамыз – дұрыс.
Сонда 1710 жылғы жиынның басымын Қаракесек (Әлім-Шөмен) тайпасы құраған бас қосуда «Сия брада еще не украсилась сединою, как я багрил руки свои в крови неприятелей» деп айтылған сөздің иесі – қырық үштегі Табын Бөкенбай емес, алпыстың төңірегіндегі Шекті Бөгенбай батыр екені ап-анық боп тұр!
Әрі қарай әлі де анықтай түсейік, аталған оқиғаға Табын Бөкенбайдың еш қатысы жоқтығын.
Қарақұмда өткен Қаракесек жиынында сол замандағы Кіші жүз жұрты түгел мойындаған ғұрып бойынша Әлімдерден бұрын Табын руының бірінші сөз алуы, шешім айтуы, жол бастаушы боп танылуы көңілге еш қонымсыз. Мүлде сенімсіз.
Бұл жөнінде И.Ф.Бларамбергтің Ырғызөңірінен қағазға түзіп алған деректерінде былай делінген: «Соңғы шешімді айту, кез келген іске төрелік ету – әуелі Әлім-Шөменге беріледі. Тұңғыш ұл болғандықтан. Олардың шығарған үкімдерін қалған рулар, Байұлы, Жетіру бекіген тәртіп бойынша бұза алмайды. Керісінше, Әлімұлы басқалардың шешімдерін қадағалайды, өзгертеді не кейінге қалдыра алады. Жиындарда сөзді әуелі бастайтын, бірінші болып дауыс беретін, ұйғарым жасайтын – Әлімұлы. Кіші рулардың ұсыныстарын орындауға міндетті емес» (Қараңыз: Военно-статистическое обозрение Российской империи. Т. XIV, часть 3. СПб, 1848. Стр. 74-75).
Мұның бұлай болуының негізгі басты себебін 1731 жылы қазаның 3-інде Ресей бодандығын қабылдауға қазақтарды үгіттеу мақсатымен Ырғыз өңіріне келген М.Тевкелевтің қағазға таңбалаған мәліметінен білеміз, былай дейді онда: «Сильной род алчин, а алчин разделяется на двое, то есть каракисяк и байулы. Каракисяк всех сильнея, щисляется шест родов, а имянно: чекли, каракисяк, чюмекей, дюрткара, каракете, караксакал… Байулы против каракисяк посредственный, а щисляется двенатцатцети родов, а имянно: адай, джаббас, алача, байбакты, берч, маскар, тазлар, исентемир, алтин, шихляр, (?) черкес, тана… Жедтиру, то есть сем родов, в Меньшей орде самые безсильные роды, а имяннно: табын, тама, кердеры, кереит, джагалбайлы, тиляу, рамадан».
М.Тевкелевтің жазбасында бұдан әрі былай баяндалады: алшындар яғни, Қаракесек (Әлім-Шөмен) пен Байұлы көп еді, әрі күшті еді. Бұлар бөлек-бөлек жүрген жеті руды (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) жиі ренжіткен. Қырғыз-қайсақтардың (қазақтардың) әдет-ғұрпы бойынша, кеткен есесін қайтару үшін олар алшындардан барымта ала алмаған. Бас көтерсе басып тастап отырған. Аталған бұл рулар Түркістанда тұратын Тәуке ханнан алшындардан қорғауын сұрайды. Ол ақылды адам болған, қырғыздар (қазақтар) оны қатты құрметтеген. Солай болса да ханнан қорықпаған… Алшындардың әлімжеттігінен құтқару үшін хан амалға көшеді, олардың басын біріктіріп, топтастырады да «Жеті ру» деп атайды. Бірақ сол әлсіз күйінде қалады» (Қараңыз: Казахско-русские отношеня в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1961. Стр. 406).
Қасында тілеулес, қорған боп Табын Бөкенбай жүрсе де Тевкелев сол заманның ақиқатынан айналып өте алмай осылай деп отыр. Бұл деректердің растығын әрі қарай айғақтайық.
Тевкелеев бір сөзінде бүй дейді: «Қарсы жақ шабуылдаған жағдайда Уфадағы башқұрттарға, Жайық казактарына көмек беру жөнінде жарлық жіберілсе, Бөкенбай батыр күйеу баласымен бірге Қазақ ордасын екі жылда Ресейге бағындырып беретініне уәде етті» (Қараңыз: Казахско-русские отношеня в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1961. Стр. 63).
Күллі Қазақ ордасын айтпағанда, сөзі әуелі Алшындарға расымен жүретін болса Бөкенбай бұлай демес еді. Басқалардың күшін қажет қылмайды өзгелерді айбынымен ықтыра алатын шын батыр.
Тевкелеев өзінің он бес жылқысын Алшын-Жаппас Баймұрат батырдың алдына салып, айдап кеткенін жыларман боп отырып жазады (Қараңыз: Казахско-русские отношеня в XVI-XVIII веках. (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1961. Стр. 55). Оның сөзін сөйлеп, қамқор боп жүрген батыр Бөкенбай осы сәтте әрекетсіз қалған…
Бұл деректерді қорытындылай келгенде айтарымыз: Я.П.Гавердовскийдің еңбегінде айтылатын, 1710 жылғы Қаракесек жиынына қатысып, елді бірлікке шақырған да, соңында өз жұртының мал-жанын, мекенін қалмақтардан қорғап шаһид кешіп, шоқыға жерленген де бір адам, ол – есімі «Буканбай» деп орысша бұрмаланып таңбаланған Алшынның Шектісінен шыққан Бөгенбай батыр!
Айдан анық осы шындықты Ерофеева беті шімірікпей:«…1710 жылы Қарақұмда өткен Кіші жүздің игі жақсыларының тарихи құрылтайында Бөкенбай Қарабатырұлы алшындарды басты жауға қарсы күреске бірігуіне үндеп, жалынды, тарихи сөз сөйледі», – депөрескел бұрмалаған!
1710 ЖЫЛҒЫ «ҚАРАҚҰМ ҚҰРЫЛТАЙЫ» – ҚОҢСЫЛАС ҚАЗАҚ РУЛАРЫНЫҢ
ШАҒЫН БАС ҚОСУЫ
Я.П. Гавердовскийдің еңбегіндегі Әлімнің рубасыларының берген мәліметтерін бұрмалаудың басында тұрғандар: Л. Мейер (Киргизская степь Оренбургскаго ведомства.1865), Н. Аполлова (Присоединение Казахстана к России в 30-х годах XVIII века. 1948), В. Моисеев (Джунгарское ханство и казахи (XVII-XVIIIвв). 1991), И. Ерофеева (Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. 1999; Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы 2017), т.б.
Мұны бұдан бұрынғы сын мақалаларымызда егжей-тегжейлі баяндағанбыз (Қараңыз: Кәртен Б. Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны// «Ақиқат» журналы, №10, 2022 жыл. 62-68 беттер; Кәртен Б. 1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар. Zhasalash.kz сайты).
Я.П. Гавердовскийдің жол сапар күнделігіндегімәліметтерге атүсті қараған жаңа есімдері аталған тарихшылар 1710 жылы Қарақұмда өткен Қаракесек жиынын (құрылтай емес!) тым әсірелеп «Қазақ ордасының тағдырын шешуде аса маңызды орын алды, жоңғар шапқыншылығына қарсы үш жүзді біріктірді» деп бағалады, дәйексіз тұжырымдар жасады. Ойдан қосқан өздерінің жалған деректерімен жамап-жасқады. «Буканбай» деп таңбаланған Бөгенбайды әуелі де Қанжығалы Бөгембай деді. Беріректе пайда болған «бөкенбайшыл» топ Табын Бөкенбай деп даурықты. Енді сол өтіріктерін тарихта орнықтырмаққа жанұшырып, небір сорақылықтарға барып жүр.
Ақиқатында Гавердовскийдің жазған оқиғасы – қоңсылас қазақ руларының азғантай бөлігі өткізген,тұтас Қазақ Ордасын қамтымағанАрал айналасындағы шағын бас қосуы туралы һәм Қаракесек бірлестігі (Әлім-Шөмен) тұрақты жайлайтын Ырғыз, Елек, Ұлы Борсық құмы, Қарақұм өңірлері мен Байұлы, Жетірудың бір бөлігі көшіп-қонатын Жем, Сағыз төңірегіне келіп, мал-жанға шабуылдап тұратын Еділ бойының не Білеуті өзені маңайын біршама уақыт қоныс қылған барымташы қалмақтармен батыс аймағының шағын ауданында өткен қақтығыстар жайында-тұғын.
Мұны да Zhasalash.kz сайтында «1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар» деген атаумен жарияланған зерттеу мақаламызда жан-жақты талдап, ашып көрсеткенбіз-ді. Қалаған уақытта оқып, танысуға толық мүмкіндік бар.
Сонымен пікірімізді бекіту үшін Әлімнің рубасыларының аузынан 1803-1804 жылдары орыс офицері Я.П. Гавердовский жазып алған деректі қайта назарға ұсынайық, былай делінген онда: «К союзу сему, названному по месту, где был съезд, Каракисяцким, присоединились из Меньшой орды большая часть рода алимулынского, часть байулынского и чжидеруу, а из Средней – несколько семей кипчаков и найманов» (астын сыздық.-Б.К.).
БұлЕрофееваның Қарақұмда өткен жиын туралы:«…үш жүздің күллі ер-азаматын бір ғана мақсатқа бағыттаудың бастамасы, алғашқы сатысы болды», –деген кезекті дәйексізбөспе сөзін жоққа шығарып тұр!
«1710 ЖЫЛЫ ӘБІЛҚАЙЫРДЫ ХАН ҚЫП КӨТЕРДІ» ДЕУ ДЕ– ДӘЛЕЛІ ЖОҚ
САНДЫРАҚ!
Ерофеева өзінің «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» деп аталатын кітабында қоңсылас қазақ руларының Қарақұмда өткізген шағын жиынына қатысты оқиғаны тағы да былайша бұрмалайды: «Таким образом, процитированное предание утверждает, что Абулаир был поднят на белой кошме именно в 1710 году…» (Қараңыз: Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Научное издание. – Алматы, «Санат», 1999. Стр. 108).
Ал орыс офицері Я.П. Гавердовский «Дневные записки в степи Киргиз-кайсакской в 1803-м и 1804-м гг.» атты еңбегінде Әлім тайпасы рубасыларының баяндауында 1710 жылы болған жаңағы аталған жиынға қатысты мәліметті былай деп түзген: «Орды избрали в сие время султана Абулхаира, как старшего сына из фамилии ханской, а Буканбая благодарный народ провозгласил своим предводителем» деп таңбалаған. Аудармасы: «Осы кезде Әбілқайыр сұлтанды хандардың үлкен ұлы деп сайлады (немесе таныды) және ризашылық білдірген адамдар Бөгенбайды өздерінің жолбасшысы деп жариялады».
Мінекей, куә болып отырмыз, мәліметте «Жиында Әбілқайырды ақ киізге көтеріп, хан сайлады» деген сөз мүлде жоқ. Демек, И. Ерофееваның қисынсыз долбары, бұрмалап ойдан шығарған жалған деректері еш уақытта ақиқат бола алмайтыны анық, солай екенін тармақтарға бөліп, атап көрсетейік:
- Қалай десек те 1710 жылға дейін Әбілқайырдың әлі саясат сахнасына жарқырап шыға қоймаған уақыты. Бірақ Кіші жүз руларының ортасында жүріп, ептілігімен, батырлығымен, батыл әрекетімен, қолайлы шешімдерімен көзге түсе бастаған сияқты. Осы себепті жиында Қаракесек бірлестігі, оны қолдап қосылған өзге рулардың кішкене бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ханның нақ өзі емес, символы (белгісі) етіп таныған тәрізді. Яғни, «хан тағына алдағы лайық мұрагер» деген сипатта оған сырттай білдірілген ілтипаттары болар деп болжалдаймыз. Тұспалымызды Гавердовскийдің Әлім руы билерінің айтуымен қағазға түзіп алған «Орды избрали в сие время султана Абулхаира, как старшего сына из фамилии ханской…» (астын сыздық.-Б.К.) деген деректің мазмұны да құптай түседі.
- «Буканбайдың» (дұрысы Бөгенбайдың) елдің намысын қайрап, бірлікке шақырған сөзін Әлімнің рубасылары Я. Гавердовскийге зор ықыласпен, құрметпен әңгімелеп берген. Ал біреулердің өзеуреп «жиында хан сайланды» деп жүрген Әбілқайыр осы кезде таққа шынымен отырған болса, ел назары түгел өзіне ауған шақта алдағы күндерге ыңғайлаған жоспарын жарияламауы не болмаса аталы бір ауыз лебізін білдірмеуі мүмкін емес жайт. Я.П. Гавердовскийдің экспедииясына жол көрсетіп келе жатқан Әлімнің рубасылары тархан Қаракөбек пен Боранбай би, т.б. хан тарапынан жасалған әрекеттерді де атап өтулері керек еді, бірақ ол жайында тіс жармаған. Бұдан Әбілқайырдың жиынға қатыспағаны анық аңғарылып тұр…
- 1710 жылы Тәуке хан тірі. Билігіне әлі нық кезі. Мұны архивтік мәліметтер бекітіп, растайды. Олай болса, Ұлы Қағанның кіші буыннан өретін Әбілқайырдың Шыңғыстан бері келе жатқан үрдісті бұзып, онымен қатар хандық мәртебеге ие бола қоюы екіталай. Жайық пен Ертістің арасына, бір шеті Жетісуға дейін үстемдік құрған ортақ «Жеті жарғыға», басқа да заңдарға, тәртіпке Қазақ ордасының қарашасы да, би-сұлтаны мен бай-бағыланы да әлі түгелдей бағынатын кезең-тін бұл. Сондықтан шағын жиында бүйректен сирақ шығарып, Әбілқайырды хан етіп сайлауы ақиқатқа қайшы, мүлде қисынсыз!
- Әбілқайырдың хан атануы архивтік деректерге сүйенсек, Тәуке өлген соң 1715 жылдан кейін басталған.
Ерофеева Я.П. Гавердовскийдің еңбегін мұқият оқып, ондағы баяндалған әр дерекке, әр деталға терең көз жіберіп, мән бермеген. Ғылым, тарих, ар-ұят алдындағы жауапкершілікті ысырып қойып, қалауынша бұрмалаған. Адалдықтың, тазалықтың жоқтығынан.
ДИВАЕВ ЖЕТКІЗГЕН АҢЫЗДАҒЫ ОҚИҒАНЫҢ АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ
Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастары турасындағы «көзге жас келтіріп», «жан тебірентіп» айтылатын осы күнгі түрлі хикаяларға этнограф Ә. Диваевтың ел аузынан жазып алып, кейін 1905 жылы «Перовскій уездъ – зданіе Кокъ-Кесене» деген атаумен жарияланған шағын аңызы негіз етілген.
Ә. Диваевтың баяндауынша былай: Ақкесене және Көккесене өңірлерін үш жүз жылдан астам бұрын Уса мен Зирен деген қалмақтар билеген екен. Олар Сырдарияның сағасы мен Қарықтыдан (Арал теңізі) төмен, Сары Үйшік пен Үйшік маңына қоныстаныпты. Аңыз әңгімелерге қарағанда, ол кезде қазақтардың көпшілігі қалмақтарға бағынып тұрған. Аз ғана бөлігі бұдан төменірек, Кіші жүз қазақтарының арасын мекендеген. Олар Адай, Беріш және Аспан-Бозғұл болып бөлінген, басшысы Тайлақ деген батыр екен. Одан соң Ошақты руының қазақтары Перовск уезін, Ұлытауды, Кішітауды мекендеген.
Ошақтының Тасжүрек бөлімінен шыққан Саңрық деген батыр бопты, Тайлақ батырға шешесі жағынан туыс екен.
Саңрық отыз бес жасында Тайлақтан шақырту алып, кеңеске қатысады, онда қалмақтардан құтылу мәселесі сөз болады.
Кеңестің ұйғарымымен Тайлақ пен Саңрық қасына лайықты, қайсар адамдарды жинап, қалмаққа қарсы аттанады. Соғыс үш жылға созылып, ақырында қалмақтар Бұланты-Білеутіге қарай қашады. Қазақтар Қарасиыр деген жерде жеңіске жетеді. Осы себептен «Қалмақ қырылған» аталып кеткен.
Одан әрі аңыздың айтуынша, жаудың Қарасиырда жеңілгені туралы хабар үш Алаштың ұлына жетеді. Осыдан кейін бүкіл қазақ бірігіп, қалмақтарды қуып шығуға бел буады. Түркістанды босатқанға шейін шайқас тағы да үш-төрт жылға созылған.
Осы екінші кезектегі соғыста қалмақтар Итішпес көлінде және Итішпестің Алакөл жағында, Арал теңізінің солтүстігіндегі тауларда толық жеңіліс табады. Шайқастың соңғы болған жері «Аңырақай» деп аталған» (Қараңыз: Древности Киргизской степи и Оренбургскаго края. Составилъ И.А. Кастенье. Типо-лит. Т-ва «Каримовъ, Хусиновъ и «К-о» въ Оренбурге. 1910. Стр. 188-189).
Куә боп отырмыз, Ә. Диваевтың Сыр бойында ел аузынан жазып алған «Қалмақ қырылған», «Аңырақай» атауларын иеленген жерлерге байланысты аңыз әңгімесінде есімдері аталатын батырлар – Саңрық пен Тайлақ қана. Рулардан – Адай, Беріш, Аспан мен Бозғұл.
М. ТЫНЫШПАЕВТЫҢ АҢЫЗҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТТЕРІ
МЕН ЖОРАМАЛДАРЫ ХАҚЫНДА
Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастары жайлы мәліметтер ұсынып, өз болжамдарын баяндап кеткен тұлғаның тағы бірі – қазақтың ардагер ұлы, теміржол инженері М. Тынышпаев (1879-1937). Ол 1927 жылы жазған «Актабан-Шубырынды. Великие бедстия и великие победы казаков» аталатын мақаласында Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастары жайлы айтпақ ойына А. Диваевтың ел аузынан естіген жаңағы «Көк кесене» аңызын тірек қылған.
М. Тынышпаев бүй дейді: «Предание об анракайских победах сохранилос и у казаков Пишпекского и Алматинского уездов; но Анракай находится не там, где указывает А. Диваев, а в 120 верстах на юго-восток от южной оконечности оз. Балхаш, известной у казаков под именем «Ит-ишпес Алакуль» (Озеро Ала-Куль, воду которого не станет пить даже собака, т.е Сункайты (на карте речка «Суу-қайтын»), Аксуексай (лог «Белый коста») и известная гора Хан-тау; на этих горах находятся урочища «Улькен Орда конган» и «Киши Орда конган» (место стоянки, или ставки Старшего хана и Младшего хана).
Других преданий, касающихся этого периода, у нас нет. Но тут на помощ идет географи с характерными названиями урочищ. У кочевников, особенно у казаков и киргизов, есть прекрасная черта – давать урочищим названи по крупным событиям, когда-либо там совершившимся. Первым таким пунктом является неболшая горка «Ордабасы» (на карте искаженная в «Урба-бас») в 5 верстах от ст. Бадам и в 30 верстах на запад от Чимкента. …Дальней след прохождения на восток казахских войск мы видим в названии лога Абуль-хайр, против пос. Подгорное» (Қараңыз: Тынышпаев М. Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын,1991. Стр. 144-146).
Ә. Диваев жеткізген аңыз әңгімені Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жер-су атауларымен осылай тоғыстырып, толықтырған.
М. Тынышпаевайтып кеткен пікірлердіңшүбәлі тұстары да баршылық.Солардың түбін індетіп, ақиқатына жетейік.
Бір де бір дереккөзде ұшыраспайтын «Бұланты шайқасы 1726 жылы болды» деген мәліметті алғаш ұсынушы – М. Тынышпаев екен. Қолындағы еңбектерде баяндалған жайттарды, жер-су атауларына байланысты туған ойларын қорыта келіп, мынадай жорамалға келген: «Таким образом, можно считать установленными, что первые победные наступления казаков относятся к 1726 году или немного позже (1727 год)…» (Қараңыз: Тынышпаев М. Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын,1991. Стр. 149).
Міне, тікелей куә боп отырмыз, аңыз әңгімедегі Бұланты (Білеуті) өзені бойында, Аңырақайда болды делінетін шайқастардың мерзімі нақты айғақтар бойынша негізделмеген, М. Тынышпаевтың «Таким образом, можно считать установленными…» деген сөзі ұсынып отырған мәліметінің нақты емесекенін толық дәлелдеп тұр.Ол«Великие бедствие…» атты еңбегінде«Ақтабан шұбырындыны» «1723 жылы болды» деп тұжырымдаған. Осы пікірін аңыздағы «соғыс үш жылға созылды» деген сөзге негіз етіп, өз шамалауымен жорамал жасаған. Тәптіштеп айтсақ, 1723 жылға үш жылды қосып, «Бұланты шайқасы 1726 жылы өткен» деген деректі ұсынған.
Ақиқатындаанық мәліметтержоңғар шапқыншылығы мерзімі турасында М. Тынышпаев айтқан болжамды жоққа шығарады. Кейінгі тарихшылар оның жаңсақ пайымына сүйеніп, адасып жүр. Бұл жайындағы дәлелдерімізді басылым бетіне жариялаған ек (Қараңыз:Кәртен Б. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы 1723 жылы емес, 1722 жылы болған.// Республикалық «Түркістан» газеті, №42 (1522), 20 қазан, 2023 жыл).
Енді екіншісіне көшейік. «Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастарында үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басқолбасшы болды» делінетін дерек те М. Тынышпаевтың жазбасынан басқа ешбір құжатта кездеспейді. Былай дейді Мұхамеджан атамыз бұл жөнінде: «В освободительной войне 1725-1726 годов алчыны сыграли выдающуюся роль; это видно из того, что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: Тынышпаев М. Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын,1991. Стр. 37).
М. Тынышпаев бұл тұжырымын поручик Я. Гавердовскиийдің «Дневные записки в степи Киргиз-кайсакской в 1803-м и 1804-м гг.» атты еңбегіндегі 1710 жылы өткен Қарақұм жиыны жайындағы деректен «По окончании присяги совершалось общее богомоление, и разделено было жертвенное брашно, приготовленного из белого коня. …Орды избрали в сие время султана Абулхаира, как старшего сына из фамилии ханской, а Буканбая благодарный народ провозгласил своим предводителем» деген жолдарды А. Левшиннің бөліп алып, «Хан Абульхайр избран главным предводителем, и белый конь, принесенный по обычаю народному в жертву, был принят залогом будущего успеха» деп өзгертіп, басқа бір деректерге еш себепсіз бұрмалап жалғаған бірауыз сөзіне сүйеніп жасаған (Қараңыз: Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. Стр. 167-168).
Бұрында да айтқан ек. Бейхабар қалған қарындас болса біле жүрсін, сол пікірімізді қайыра ұсынайық.
А. Левшин өзінің үш томдығында Ресей империясының архивінде сақтаулы тұрған, өзінен бұрынғы «Книга Большему чертежу или древняя карта» (1627) аталатын еңбектегі, сондай-ақ, Унковскийдің (1722-1724), Палластың (1768-1774), Рычковтың (1771), Гавердовскийдің (1803-1804), Мейендорфтың (1820-1821), тағы басқалардың жазбаларындағы деректерді емін-еркін пайдаланған. Соларды мазмұндап шыққан. Бұл – аталған адамдардың кітаптарын А. Левшин түзген томдармен бастан аяқ салыстырып, мұқият сүзіп шыққанда көз жеткізген бұлтартпас шындық.
Vostlit.info сайтында жарияланған «Рукописное наследие поручика Я. П. Гавердовского по истории, географии и этнографии Казахской степи» атты мақаласында И. Ерофеева да ап-анық қып былай деп айтқан:«Несмотря на то, что его монография не была опубликована, благодаря изданию Г. И. Спасским небольших отрывков из нее в журнале «Сибирский вестник» она стала известна в 20-х гг. XIX в. (ч. 3. Спб., 1823., с. 43-60) крупному российскому исследователю истории и этнографии казахов А. И. Левшину (1797-1879), который основательно использовал оригинальные материалы Я. П. Гавердовского во многих разделах своего трехтомного труда «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» (ч. 1-3. Спб., 1823.), но согласно еще неизжитой тогда архаичной традиции в российской историографии – без конкретных ссылок на авторство своего полузабытого предшественника» (астын сыздық.-Б.К.).
Сонымен «Бұланты (Білеуті) мен Аңырақай шайқасында үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басқолбасшы болды» делінетін дәйексіз дерекке әуелі негіз болған –жоғарыдабіз ашып көрсеткен А. Левшиннің бұрмалаған сөзі.
Күмәнді үшінші жайтты баяндайық.Әлгіндегі«В освободительной войне 1725-1726 годов алчыны сыграли выдающуюся роль; это видно из того, что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир»деген пікірінен кейін М. Тынышпаев сөзін былай деп жалғастырған:«Но в разгар победоносного шествия в сердце Джунгарии киргизские ханы рассорились до того, что Абулхаир во главе своей Младшей Орды и Самеке с кыпчаками, найманами и частью аргынов ушли к русской границе и там приняли русское подданство» (Қараңыз: Тынышпаев М. Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 37).
Мұнан соң бұның себебін ол бүй деп көрсетеді: «…что после анракайской победы Болат-хан умер и на его место надлежал выбрать Старшего Хана. Претенденов было три: первый – хан Младшей Орды Абул-хайр… второй – брат Болата Шахмухамед (Самке), …третий – сын Болата, молодой Абульмамбет. Выбор, по-видимому, не абсолютного большинста пал на Абульмамбета. Такой обиды не мог стерпеть старик Абуль-хайр…»(Қараңыз: Тынышпаев М. Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 148).
Кейінгі жазушылардың, қазақ тарихшыларының «Өркөкірек Әбілқайыр хандық таққа таласып, қолдау таппағасын соғысты жалғастырмай өкпелеп кетіп қалды» деп бірінен бірі көшіріп ап, кінәлап, қаралап,жалаулатып жүргендері де – М. Тынышпаевтың осы сөзі.
Еске сала кетейік, Әбілқайыр ханның туған жылы бір мәліметте «1680» деп көрсетілсе, басқа бір деректе «1693» делінген. Олай болса, М. Тынышпаевтың «…что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир», «Такой обиды не мог стерпеть старик Абуль-хайр…» деп отырған Әбілқайыры 1726 жылы 33 не 46 жаста.Анығы бұл кезде ол қарт кісі емес.
А. Левшинкітабына Болат ханның ата тегін таратқан шежірені енгізіп, бүй деген: «О Пулата, сын Тявки-хана и отце Абульмагамета, показанным в таблице, не могли мы собрать никаких сведений, вероятно, потому, что он ничем себя не прославил»(Қараңыз: Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. Стр. 165).
Өзінен бұрынғы саяхатшылардың, Қазақ ордасына жасалған экспедициялардың қағазға түсірген жазбаларымен жақсы таныс,архив құжаттарымен жұмыс істегенА. Левшин осылай деп отырғандасонда М. ТынышпаевБолат ханның Аңырақай шайқасынан кейін өлгені, оның орнына талас болғаны жайлы жаңағы өзі айтқан мәліметтерді қайдан алған?!
Левшиннің жоғарыда сілтеме жасалынған «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» атты кітабы 1996 жылы қайта жарық көрген. Осы нұсқасында: «Болат (Пулат), хан Среднего жуза (ок. 1718-1923), сын хана Тауке», – делінген. БұлТынышпаевтың мәліметіне қайшыбоп тұр (Қараңыз: Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. Стр. 601).Айта кетейік,түсініктемелері мен есімдер көрсеткішін жазғандардың бірі – әлгі Ерофеева екен.
Айтпағымыз, бұның данақты дереккөзі көрсетілмеген. Сенімсіз.
Патша өкіметіне жолданып, архивтерде сақталынған хаттарда, сондай-ақ, XVIII ғасырда орыс шенеуніктерінің Қазақ ордасы туралықағазға түсірген жазбаларында Тәукенің, Қайыптың, Әбілқайырдың, Сәмекенің, Есімнің, Барақтың, басқа да сұлтан-батырлардың, тіпті жәй адамдардың да есімдері тайға таңба басқандай таңбаланған. Ал хан бола тұрыпБолат бір де бір рет ауызға алынбаған. Елеусіздеу болса да. Мүлде ескерусіз қалған.
Баяндап өткен осы жайттар М. Тынышпаевтың әлгіндегі пікірлерінің көп жағдайда дәйексіз екенін көрсетеді.Сондай-ақ, оның: «Еще не умолкли народные ликования по поводу анракайской поеды и победные трифумы Абулхайра, Барака, Абульмамбета, гонца Аблая, уже затмившего всех остальных выдающейся храбростью, и целой плеяды народных героиов-батыров…», – дегені де жәй өз долбары (Қараңыз: Тынышпаев М. Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 147).
Ақиқатқа тоқтасақ, Бұланты (Білеуті) мен Аңырақайда өткен қазақ-жоңғар соғысы турасындағы, оған Әбілқайырдың, Барақтың, Әбілмәмбеттің, Абылайдың, т.б. қатысқандары жайындағы мәліметтерпікір өзегі боп отырған аңыз әңгімеде де, XVIII ғасыр оқиғаларын қамтитын архив құжаттарындада жоқ. Түзілмеген. Ескі замандағы, анықтап айтқанда, XIX ғасырдағы зерттеушілердің біреуі де,тіпті қазақтарихшыларыпір тұтатын А. Левшин де өз еңбектерінде бұл туралытіс жармаған.
АҢЫЗ ӘҢГІМЕ МАЗМҰНЫНЫҢ ӨЗГЕРІП, САН ТҮРЛЕНУІ ЖАЙЫНДА
Ел ішінен Ә.Диваев жазып алған Бұланты (Білеуті) мен Аңырақайда өтті делінетін соғысқа қатысты халық аңызын негіз етіп, теміржол инженеріМұхаметжан ата Тынышпевтың Жетісу өңірдегіжер-су атауларына жасаған өзіндік тұжырымдарын, сонымен қатар оның кейбір дәйексіз жорамалдарын әр рудан шыққан осы заманымыздың белсенді пысықайлары мен көтерем тарихшылары өздерінің ойдан жамап-жасқаған, күмәнге толы әңгімелерімен одан әрі толықтырған.
Сондай дилетанттардың бірі – Ерофеева деген деМ. Тынышпаевтыңжорамалында келтірілген адамдардың қатарына Бұлқайырды қосып,«Хан Абулхаир полководец, правитель и политик» аталатын әлгіндегі кітабындабылай деп жазады: «С конца 1728 г. единое казахское ополчение во главе с ханом Абулхаиром развернуло энергичные наступательные действия против джунгаров… В борьбе за независимость своей страны крупными боевыми отрядам казахов командовали султаны Абулмамбет, Барак, Абылай, Булхаир и некоторые другие чингизиды» (Қараңыз: Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Научное издание. – Алматы, «Санат», 1999. Стр. 147).
Ерофеева мұнымен тоқталмаған, Диваев жеткізген аңызды, оған пікір білдіріп, өз байламын, жорамалын айтқан М. Тынышпаевтың сөздерін одан әрі түрлендіріп, былай дейді: «Наряду с ними, выдающуюся роль в организации всеобщей борьбы с джунгарской агрессией сыграли ряд видных представителей «черной кости», такие, как батыры Богенбай, и Есет из поколения жетыру Младшего жуза, Богенбай из рода канжигалы, его тезка (Богенбай) из рода шакшак аргын Среднего жуза, батыры Кабанбай, Жанибек, Отеген, Тайлак, Саурык, Малай сары и многие другие»(Қараңыз: Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Научное издание. – Алматы, «Санат», 1999. Стр. 147).
Ерофеева мұнан кейінтағы бір «еңбегінде» аталған аңыздыбылайша «жетілдіріп», толықтырған: «Жоңғарларға қарсы шабуылға шығу жорығының басынан аяғына дейін Бөкенбай батыр үш жүздің біріккен әскери күштерінің жоғары қолбасшысы Әбілқайырмен иық тірестіре жүріп күресті және оның тікелей тапсырмасы бойынша Ұлытаудың оңтүстік беткейі мен Бұланты өзенінің аңғарынан Шу-Іле аймағына дейінгі әртүрлі географиялық нүктелерде өте күрделі әскери операциялар атқарды» (Қараңыз: Ерофеева И.В. Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы. / Ауд. Мейірхан Ақдәулетұлы. – Алматы: Servise Press, 2018 жыл, 102-бет).
Ақиқатында, Табын Бөкенбайдың Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастарына қатысқанын айғақтайтын ешқандай мәлімет жоқ. Бұл да –Ерофееваның ойдан шығарып қосқан өз өтірігі!
«АҢЫРАҚАЙ» АТАУЫ ТУРАСЫНДАҒЫҚИСЫНСЫЗ ПІКІР
Қаузап отырған мәселеге тікелей байланысы болғандықтан мына бір жайтқа да тоқтала кеткенді жөн көрдік.Аңызда былай делінген сөйлем бар:«Место последняго пункта боя было названо Анракай, т.е. местомъ стона и рыданій, потому, что здесь произошло поголовное истребленіе калмыковъ». (Аудармасы:Шайқастың соңғы нүктесі болып,қалмақтардың ыңырсып боздап, түгелдей қырылған жері«Аңырақай» деп аталады)(Қараңыз: Древности Киргизской степи и Оренбургскаго края. Составилъ И.А. Кастенье. Типо-лит. Т-ва «Каримовъ, Хусиновъ и «К-о» въ Оренбурге. 1910. Стр. 189).
Осындағы жер аты– «Аңырақай» сөзі әр түрлі ұғым береді екен. Бұған моңғол тілінде де дыбысталуы ұқсас «ангархай»деген атау бар, бұл жайында бүй делінген: «1. Саңылау, тесік, жарық: шалпы – еденнің саңылауы; 2. Аңырақ, аңқиған, ашылған; 3. Ауыс. аңқылдақ, ашық ауыз» (Қараңыз: Базылхан Б. Монгол – казах толь. – Өлгеий, 1984, 41-бет).
Ал қазақ тілінде басқаша мағынада: «Аңырақай. Желі көп, құмайт ашық жер» (Қараңыз: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі./ Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008, 50-бет).
Басына қайғы түсіп, жылаған адамды қазақ «бозады» дейді, «аңырады» дейді. Немесе қимылдың,істің өткен шақ мәнін білдіретінесімшенің -ған жұрнағы жалғанған атаумен «аңыраған» деп айтады.Қалмақтардыңсоғыста жеңіліп, шынымен ыңырсып боздап, аңырап жылауына тікелей байланысты болса жердің атымағынасы мүлде үйлеспейтін «аңырақай»сөзімен емес «аңыраған» деп аталуы тиіс-тұғын.Бірақ өңіргеөзіне тәнгеографиялық сипатын,тұрақты климатынбілдіретін«желі көп, құмайт ашық жер» деген түсініктегі «аңырақай» атауы берілген.
Осы ұғымдарды саралай келгенде аңыздағы «Место последняго пункта боя было названо Анракай, т.е. местомъ стона и рыданій, потому, что здесь произошло поголовное истребленіе калмыковъ» деген жолдар «аңырақайдың» мағынасын ашу үшін ескілікті әңгімеге жанынан қосып, өз пайымын баяндай кеткен ұлтыбашқұрт Ә. Диваевтыңсәтсізтопшылауы деп тұжырымдаймыз.
Қысқа қайырғанда,аңыздағы «Шайқастың соңғы нүктесі болып, қалмақтардың ыңырсып боздап, түгелдей қырылған жері «Аңырақай» деп аталады» деген пікірдің түк қисыны жоқ!
ЕСІМІН ЕРОФЕЕВА ӨЗГЕРТКЕН ҚАЛМАҚ БАТЫРЫ УШУНУ ЖАЙЛЫ
БІРЕР СӨЗ
Ерофеева «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» атты кітабында: «…заставив опытного дунгарского полководца Шоно-Лоузана отступить к Каратауским вершинам. По поводу этих событий российский посланник в Бухаре Флорио Беневени доносил Коллегии иностранных дел 15 января 1725 г. в Москву: «Шоно-Лоузан чрез войну с Абулхаир-ханом город Туркестан взял было и 32 улуса, но потом он, Абулхаир-хан, соединясь с казаками, паки чрез войну в Туркестан пришел и содержит оный даже и доныне паки в своем владение», – депті. (Қараңыз: Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Научное издание. – Алматы, «Санат», 1999. Стр. 135). Және деректі қайдан алғанын көрсетіп, мына еңбекке сілтеме жасаған: «К истории каракалпаков. XVIII в. // Красный архив. 1938. т. 6. с. 245».
Ерофееваның бұл мәліметін мұқият тексеріп қарағанда архив құжатындаанығында былайдеп баяндалған, мәтінді толығырақ берейік ұғынықты болу үшін: «№4. Перевод с письма турецкого и татарского, присланного от Махсута Юнусова, которое получено в Москве генваря 15 дня 1725 году…И которые обретающиеся каракалпаки по реке Дарье собранием 1000 начальников все купо служить его императорскому величеству желают, и один богатырь именем Ушуну, (астын сыздық.-Б.К.) Аюке хану свойсвтенник, который через войну с Абулхаиром ханом город Туркестан взял было и 32 улуса, но потом Абулхаир хан, соединсь с казаками, паки чрез войну Туркестан пришел и содержит даже и донные паки в своем владении,а во оное время тот Ушуну богатырь(астын сыздық.-Б.К.) х контайше послал со известием и подарки и договором таким, ежели кто из подданых их изменит и уйдет, тот да будет казен смертью.
Так же как он Ушуну Богатырь Туркестан город взял,(астын сыздық.-Б.К.) в то время от себя отправил в Бухары с поздравлением посланника которой принят приятно и оттуду паки возвращен с честию и подарки, а ныне Абулхаир хан Туркестан город паки содержит по-прежнему,а посланники ныне обретаются у салтана Мурата, которых от себя не отпускает, и так здесь сочиняется: которые были сего года казаки побраты от калмаков, из оных человек с 40 к ним возвратились, а протчие все пропали. Между каракалпаками и башкирцы никаго из казаков нету, понеже казацкой князь с ними не совокупляется, а и они его приемлют, а первый хан каракалпатский умре…» (Қараңыз: Красный архив. Исторический журнал. Том шестой (Девяносто первый). Государственное социально-экономическое издательство. Москва, 1938. Стр. 244-245).
Міне, куә боп отырмыз, мұнда Түркістан шаһары үшін соғысқан қалмақ батырының есімі – Ушуну. Ерофеева мұны«Шоно-Лоузан» деп өзгерткен, себебін түсіндірмеген.Ашып айтпай, жұмбақ күйде қалдырған.
ТАБЫН БӨКЕНБАЙДЫҢ 1728 ЖЫЛДЫҢ ОРТАСЫНА ДЕЙІН
АМАНАТТА БОЛҒАНЫ– ЖАЛҒАН!
Ерофеева былайғы қарапайым жұрт тұрыпты,қазақ тарихшыларының XVIII ғасырдағы жағдаяттар турасындағы жалпы білімсіздігін пайдаланып, сол заманныңшындығына сәйкеспейтінөз жаныннан қосқан жалған деректерге, ғылымға қайшы келетін пікірлеріне елді сендіру арқылы білгір ғалым атануды, абырой жинауды ойлаған тәрізді. Қай кезде де еш именбестен бейбастақтығын жалғастыра берген. Бұл тақырыпқа қазақ тарихшыларының тісі батпайды, өтіріктерімді ешкім тексермейді деген бек сенімде болған сірә.«Әй!» дейтін әже, «қой!» дейтін қожа болмағасын.Тағы да келтірейік.
1720 жылдан бастап қалмақтарға қатысты ісқағаздарды жүргізген һәм аудармашы қызметін атқарған В.Бакунин бүй депті: «1726 году осенью в бытность калмыцких улусов на луговой стороне Волги приходили на них киргис-касацкие Средней орды Шемяки-хан, Барак-солтан, Меньшей орды Абулхаир-хан и Ишим-солтан в 10000 войска своего и, перешед чрез реку Яик, нападали между устей Яика и Волги на улус владельца Лубжи (Доржи Назарова сына), и оный разорили и людей, сколько могли застать, побили, а жен их и детей, и весь скот взяли в добычу и отправили от себя еще две партии, состоящие одну в тысяче, а другую в трехстах человеках, в морские косы для поиску прочих кроющихся от них калмыцких улусов, а сами с тою добычею помалу возвращались» (Қараңыз: Бакунин В.М. Описание Калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. – Элиста: Калмыцкое книжное издательство. 1995. Стр. 58).
Қалмақтар да қарап қалмаған, деректе бұдан әрі былай делінеді: «Тогда наместник ханства Черен Дондук, брат его Галдан Данжин, Шакур-лама и владельцы Доржи Назаров, Дондук Омбо, Дондук Даши и братья его с войсками своими в 20000 человек за киргис-касаками ходили в погоню по следам их…»
Ақыр соңында қалмақтар қуып жетіп, екі хан, екі сұлтан бастаған оң мың адамды тас-талқан қылып, ойсырата жеңеді. Олар барымталаған мал-мүліктерін қайтарып алады. Және мұнымен тоқтамапты, «…калмыки взяли от киргис-касак и аманатов шестьдесят человек, между которыми были знатные их старшины: Эшеть Батырь, Букенбар Батырь (Букенбай.-Б.К.) и другие», – дейді (Қараңыз: Бакунин В.М. Описание Калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. – Элиста: Калмыцкое книжное издательство. 1995. Стр. 58).
Ерофееваның, тағы басқалардың қоймастан «Бөкенбай 1726 жылы қол бастап, қалмақтарды шапты» деп дуылдатып жүргендері – осы жеңіліс. Екі хан, екі сұлтанға еріп барғандағы. Елу тоғыз жасында.
Бұл оқиғадан соңғы Табын Бөкенбайдың тағдырын Ерофеева былай деп көрсетеді:«В 1726 г. участовал в военных кампаниях ханов Абулхаира и Самеке против волжских калмыков и затем более года до середины 1728 г. находился в качестве аманата в ставке наместника Калмыцкого ханства Церен-Дондука»(астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах / Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В. Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. Стр. 412).
Ерофеева өзінің «…затем более года до середины 1728 г. находился в качестве аманата в ставке наместника Калмыцкого ханства Церен-Дондука» деген сөзін растау үшінмына еңбектерге сілтеме жасаған: «ИКРИ-5. С. 393-394; Бакунин, 1995. С. 58».
«Бөкенбай1726 жылдың күзінен1728 жылдың ортасына дейін қалмақтарда аманатта болды» деп отырғанЕрофеева басқа бір кітабында осы сөзіне өзі қарсы шығып, былай дейді: «1726 жылдың күзінің соңына қарай жетіру тайпасының рубасылары Бөкенбай, Есет қалмақ ұлысынан бірге оралған тағы бірнеше батыр Арал маңындағы Қарақұмдағы қыстауларына көшіп барып, өздерінің басты жауы – жоңғардың жаңа қонтайшысы Галдан Цэренге (1717-1745) қарсы әскери шабуылды қалай ұйымдастыруға болатынын ойласа бастайды»(Қараңыз:Ерофеева И.В. Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы. / Ауд. Мейірхан Ақдәулетұлы. – Алматы: Servise Press, 2018 жыл, 92-бет).
Растығын егжей-тегжейлі тексергенде мұның да шындықтан тым алыс екені белгілі болды. Ойдан қосыпты.
Сондай-ақ, «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков» деп аталатын еңбектің 5-томын һәм «Описание Калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев» (авторы – В.М. Бакунин) атты кітапты асықпай барлап шықтық. Бұларда Табын Бөкенбайдың 1728 жылдың ортасына дейін аманатта болғанына куәлік беретін бір ауыз сөз жоқ. Ерофеева өтірік сілтеме жасаған!
ЕРОФЕЕВА ҚАЛАУЫНША БҰРМАЛАҒАН БАСҚА ДА ДЕРЕКТЕР
Ерофеева өзінің «Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» (2017) немесе қазақша «Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы» (2018) деп аталатын кітабында өзге авторлардың еңбектеріндегі деректердің де өңін айналдырып, бұрмалап көрсеткен. Дәлелімізді келтірейік. Бүй дейді: «1724 жылғы тамызда еділ қалмақтары мен жетіру қазақтарының және жайық казактары мен қазақтардың арасындағы кескілескен шайқастар Жайық пен Жемнің сол жақ жағалауында болды. Көшпелілердің жаңа шабуылының алғы шебінде 750 сарбазы бар Есет Көкіұлы жүрді де, Доржи Назаровтың ұлы Лобжидің ұлысын шауып, «едәуір иасир мен мал алып», тамалардың жайлауына қайтып кетеді [Пальмов, 1929. 257, 261-262 бб.; Бакунин, 1995. 42-б.] (Қараңыз: Ерофеева И.В. Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы. / Ауд. Мейірхан Ақдәулетұлы. – Алматы: Servise Press, 2018 жыл, 88-бет).
Ерофеева сілтеме жасап отырған Н.Пальмовтың «Этюды по истории приволжских калмыков» және В.Бакуниннің «Описание Калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев» деп аталтын еңбектерінде «1724 жылғы тамызда еділ қалмақтары мен жетіру қазақтарының және жайық казактары мен қазақтардың арасындағы кескілескен шайқастар Жайық пен Жемнің сол жақ жағалауында болды» (астын сыздық.-Б.К.) деген мәлімет мүлде жоқ. Ойдан қосқан.
Анығында Н.Пальмов былай деген: «Но в ночь на 21 августа касаки напали на калмыков в Узенях… Бабич рассказал Волынскому некоторые подробности о происшедшем сражении: «Как де каракалпаки напали на улус Дорджи-Назарова сына Лубжи, и тогда де он, Лубжа, с войском догнав их, каракалпак, в урочище Узенях аттаковал. И потом де Дорджи-Назаров свойски своими туда ж прибыли и, соединясь де, они их, каракалпак, штурмовали из пушек, где их, каракалпак, побито многое число и несколько взято живых. А всех до их, каракалпак, в той партии было 750 человек, из которых де ушли только три человека» (астын сыздық.-Б.К.). …Показания пленного каракалпака, Анана Байсарова, были довольно бледными. Он говорил, что движение на калмыков было предпринято недель семь тому назад; начали его касаки, собравшиеся в числе 200 человек под предводительством Исеть Тулбая… (астын сыздық.-Б.К.). Мәтінде бұдан басқа дерек жоқ. Ал Ерофеева бұл сөйлемдердің өңін айналдырып жіберген басқаша қып. (Қараңыз: Пальмов Н.Н. Этюды по истории приволжских калмыков. Ч. III и Ч. IV. Астрахань, 1929. Стр. 257 и 259, 261-262).
Көріп отырмыз, мұнда шапқыншылыққа Жетіру қазақтарының қатысқаны туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Керісінше, қырғынның ортасында жүргендер – қарақалпақтар.
Осы оқиғаға байланысты Ерофеева тағы бір сілтеме жасап, куәлікке тартқан В.Бакуниннің еңбегіндегі мәлімет те – Н.Пальмовтағы дерек (Қараңыз: Бакунин В.М. Описание Калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. – Элиста: Калмыцкое книжное издательство. 1995. Стр. 42).
Ерофееваның «Көшпелілердің жаңа шабуылының алғы шебінде 750 сарбазы бар Есет Көкіұлы жүрді де, Доржи Назаровтың ұлы Лобжидің ұлысын шауып, «едәуір иасир мен мал алып», тамалардың жайлауына қайтып кетеді» дегені де – шылғи өтірік! Айғақ тартайық.
Н.Пальмовтың біз жаңа дәлелге келтірген мәліметінде былай деп ап-анық таңбалаған, қайтара ұсынайық: «Показания пленного каракалпака, Анана Байсарова, были довольно бледными. Он говорил, что движение на калмыков было предпринято недель семь тому назад; начали его касаки, собравшиеся в числе 200 человек под предводительством Исеть Тулбая…» (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: Пальмов Н.Н. Этюды по истории приволжских калмыков. Ч. III и Ч. IV. Астрахань, 1929. Стр. 259).
Міне, осындағы «Исет Тулбая» деп көрсетілген өзге кісінің есім-сойын өзгертіп, оның соңына ерген 200 адамды 750 сарбазға көбейтіп, әдептен озып, шектен шыққан Ерофеева еш именбестен бұрмалап, «Көшпелілердің жаңа шабуылының алғы шебінде 750 сарбазы бар Есет Көкіұлы жүрді…» деп өтірікті соғып жіберген.
Дәлелге тартып отырған Н.Пальмовтың кітабындағы (1929) «Указатель собственных имен» деп берілген 383-беттегі қосымшада да «Исеть Тулбай (Исеит Колубай, Ис. Кулубай), предв. касаков» деп түзілген. Олай болса, бұл есімді «Есет Көкіұлы» деуге тіпті келмейді қалай бұрмаласа да. Бұған ақ пен қараны ажырата алатын, есі түзу қазақтың сенбесі айдан анық…
Көптің «ханум» деп құрмет тұтып, зор көрген Иринасы, өрескел болса да айтайық, осылайша «Мақтаған қыз тойда о…дының» керін келтіріпті.
Ерофееваның «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» (1999), «Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» (2017), «Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы» (2018), т.б. кітаптарының іші толған бұрмалаулар, жалған деректер.Оның бұл қиянаттары, лас әрекеттері алдағы кезде де айтпағымызға әлі арқау болатын сияқты. Өйтпесе болмайды. Былайғы қарапайым жұрт түгіл, ғылыми дәрежелерін бетке ұстап, басқаларды қорашсынып, өздерін зор санайтын тарихшылардың басым көпшілігіоның өтіріктеріне сеніп, ақ-қараны ажырата алмайбеталды лағып жүр…
Тарих ешкімнің басыбайлы меншігі емес, қалай айтып, қалай жазсам солай болуы керекдейтін. Тоңмойын дүмшелікпен.
Бүгін де, кейін де әр заманның өз шындығы қорғалып, сақталуы тиіс!Жә, жақсы, сөзімізді әзірге осы тұстан қайыра тұрайық…
Бөрібай КӘРТЕН, Ақтөбе қаласы
ПІКІРЛЕР