2-мамыр. Turaninform. Неміс елінде соңғы уақытта күш алып бара жатқан Alternative for Germany – “Германияға арналған балама” партиясын, сол елдің Конституцияны қорғау федералды қызметі экстремистік деп жариялады. Федералды қызметтің мәлімдеуінше, елдің демократиялық тұғырына қайшы. Осы жылдың ақпанында өткен Бундестаг сайлауында аталған партия екінші орын алып, Айды аспанға шығарған еді.
“Германияға арналған балама” партиясы әсіреұлттық, популистік бағытты ұстанады. Еуроодақпен саяси интеграцияға, иммигранттарға қарсы. Сонымен қатар, партияның қарасын толтырып жатқан адамдардың дені немістер делінеді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР