2-маусым. Turaninform. Қ. Қалмахан. Бүгінгі күні дүние жүзі бойынша миллиардерлер саны 3 мыңның үстіне шықты. Олардың жиынтық байлығы Қытайдың экономика көлемімен шамалас. Ал,қай ел миллиардер санынан бірінші орында? АҚШ. Аталған мемлекетте, жиған ақшасы (АҚШ долларымен, әрине) 9 нөлден басталатын 9 жүзден аса миллиардер өмір сүріп жатыр. Forbes ақпараты осындай. Бұл өзінен кейін тұрған Қытай көрсеткішінен кемі екі есе артық. Егер, Гонконгты қоспасақ. Гонконг дегеннен шығады, кезінде отар еткен, үлкен империя болған Ұлыбританиядағы миллиардерлер саны осы шағын елдегі сондай байлардың қарасынан аз. Үндістанды қозғамағанда…
Ондықтың толық тізімі болса, төмендегідей:
1. АҚШ;
2. Қытай;
3. Үндістан;
4. Германия;
5. Ресей;
6. Канада;
7. Италия;
8. Гонконг;
9. Бразилия;
10. Ұлыбритания.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР