10-маусым. Turaninform. АҚШ президенті Дональд Трампты Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом “Диктатор” деп атады. Ол Лос-Анджелестегі иммигранттар наразылығын басу үшін, ұлттық гвардия, теңіз жаяу әскерін жіберуді бұйырғанына қапалы. Сондай-ақ, ол АҚШ әскері демократия сақшысы ретінде әлемнің әр жерінде ерлікпен соғысқанын, бірақ, оларды өз халқына қарсы қолданбау қажет екенін, адамдар бейбіт наразылыққа шығуға құқығы барын айтты. “Біз оны сотқа береміз”, – деді Губернатор.
Өкінішке қарай, заңсыз жүрген иммигранттар қаланы қиратып, автокөліктерді өртеп, дүкендерді тонаған.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР