АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады!

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады!
28-ақпан. Turaninform. Израиль және АҚШ Иранға қарсы әскери операция бастады. – Біздің мақсат – ирандық режимнен туатын түрлі қауіп-қатерді жойып, америкалық халықты қорғау, – деді АҚШ президенті Д. Трамп. Сонымен қатар, ол Иран билігін қорғаушы күштерге қаруын тастап берілуді, әйтпесе, арты жаман болуы ықтимал деп ескертті. Ал, ирандық халыққа қарата: операция бітпей көшеге шықпауын, қазіргі жағдай диктатор режимін құлатуға жалғыз мүмкіндік екенін айтты.
 Оның сөзінше, Иран билігі диалогты пайдаланудың орнына, алысқа ұшатын зымыран жасауға ұмтылуын қоймаған. Мәселен, Иран 5500 шақырымнан асатын континентаралық баллистикалық зымыранға қол жеткізгісі келеді. Мұндай жағдайда негізгі жауы – АҚШ та нысанаға алынады. Әрі Хаменеи режимінде жақын және орта қашықтыққа ұшатын зымырандар (“Хоррамшахр-4”, “Седжил” 2000-2500 шақырымдық) мол делінеді. “Біз олардың зымырандарын жойып, зымыран өнеркәсібін жермен-жексен етеміз” – деді АҚШ президенті. Сондай-ақ, АҚШ-Иран арасын ушықтырып отырған, Хаменеи билігінің ядролық қару жасағысы келетіні. Израиль премьер-министрі Б. Нетаниягу да осы сарынға ұқсас мәлімдеді. Ал, Reuters-тің ақпаратынша, диктатор Хаменеи Ираннан ендігі әкетілген. Қай елге, қай жерде екені белгісіз.
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0