АҚШ: миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты

АҚШ: миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты

20-қазан. Turaninform. Жеті миллионға жуық АҚШ тұрғындары Д. Трамптың авторитарлы саясатына қарсы наразылыққа шықты. Бұл биылғы жазда шыққандардан 2 миллионға артық. Олар диктатураға, Ақ үй басшысының патшалық етуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Шеруді сенаторлар да қолдады. – Біздің Америкада диктатор болған емес. Д. Трамптың біздегі демократияны тоз-тоз етуіне жол бермейміз, – деді сенатор Чак Шумер. Сенат мүшесі Берни Сандерс те олардың сөзін сөйледі.

Сонымен қатар, Еуропа елдерінде, Канадада, Мексикада антитрамптық шеру өтті. Жыл басымен салыстырғанда, АҚШ президентін қолдаушылардың үлесі де төмендеген.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0