28-маусым. Turaninform. АҚШ президенті Д. Трамп Иранның жоғарғы көшбасшысы Ә. Хаменеидің жер астынан басын қылтита сала, көкірегін ұрғылай жасаған мәлімдемесіне қапалы. «Мен оның қайда тығылғанын анық білдім. Әрі Израильге де, америкалық әскерилерге де оның көзін құртуға жол бермедім. Мен оны мазаққа ұшырататын ит өлімнен сақтап қалдым. Бұған қандай жауап алдым? Тіпті рахмет айтпады», – деп мұңаяды АҚШ президенті. Сонымен қатар, ол Иран басшысының 2 аптаға жетпейтін уақытқа созылған Израильмен соғыста жеңіске жеттік дегенін де сынады. Хаменеидің өзі де бұл мәлімдемесінің өтірік екенін білетінін айтады. – Иман келтірген адам алдамауы тиіс, – дегенді де қоса кетті.
Иранның жоғарғы көшбасшысы Ә. Хаменеи – сонау 1989ж. бері билік басынан түспей келеді. Сырт қарағанда, президент сайлауы өтетін ел болғанымен, негізгі саяси күш аятолланың қолына топтастырылған.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР