8-қаңтар. Turaninform. Өткен жылдың аяғында басталған Ирандағы наразылықты билік күштері баса алмай жатыр. Экономикалық қиындықтардан әбден қажыған, әрі ашуға булыққан қалың жұрт ендігі екі қаланы бақылауға алған. Ал, New York Times инсайдына қарағанда, ел президенті М. Пезешкианға кеңесшілер тарапынан ұсыныс тасталған: туындаған бүкіл мәселені аятолла Хаменеиге ысырып, билікті сақтап қалу. Демек, Иран билігі өз ішінде-ақ шайқалып жатыр. Бір-бірін таптап өтуге бар.
АҚШ сенаторы Л. Грэм болса, өз елінен Иран халқына көмек бара жатқанын мәлімдеді. Тіпті ол Д.Трамп Ә. Хаменеидің көзін жоятынын да қоса кетті.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР