15-шілде. Turaninform. Отызға тарта мемлекет мүше болып саналатын Еуроодақ тұрғындарының саны былтыр 450,4 миллионға жеткен. Еуростат таратқан ақпарат осындай. Тосқауыл қоюға ұмтылса да, толастамай тұрған мигранттар легі әсер еткен. Сол деңгейден асуына. Әйтпесе, өлім көрсеткіші туудан әлдеқайда көп: өткен жылы қайтқандар саны 4,82 млн болса, дүние есігін ашқандар 3,56 миллион ғана болған.
Туу көрсеткіші жоғары елдердің қатарында Ирландия, Люксембург т.б. тұр. Ал, халық саны кеміп бара жатқандардың басында Латвия, Польша, Венгрия, Эстония келеді.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР