9-тамыз. Turaninform. Өз жерлерін украиндықтар басқыншыларға тарту етпейді. В.Зеленский осылай деді. Ол Украинаны екінші рет бөлшектеуге жол бермейтінін қадап айтты. Сонымен қатар, Аляска штатында АҚШ президенті мен Ресей басшысының келесі аптада өтетін екеуара кездесуінде Украина тағдырына қатысты қабылданатын шешімді қолдамайтынын мәлімдеді.
– …Бұлар (Украинаның сыртынан шешім шығару) ештеңе де бермейді. Бұл – өлі шешім, яғни ешқашан да іске аспайды, – деді украин елінің басшысы. Ол Ақ үй мен Кремльге қарата: “Украинаның сыртынан тон пішпеңдер” дегенді меңзеп тұр.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР