22-тамыз. Turaninform. Адам денсаулығына қызанақтың қаншалықты пайдасы барын аз адам білмесе керек. Десек те, соус, томат пастасының қуаты шамалы дейтіндер де табылуы мүмкін. Қызанақ шырынына қатысты да солай. Ғалымдардың зерттеуінше, консервіленген қызанақтың денсаулыққа әсері тіпті зор көрінеді.
Иә, өңдеу кезінде С дәрумені азаяды. Бірақ, басқа пайдалы жақтары сақталады. Мәселен, томат құрамындағы ликопинді алайық. Мұның иммунитетті күшейтетін, гормондардың деңгейін қалыпқа түсіретін, шаршауды басатын т.б. қасиеті бар. Сондай-ақ, консервіленген қызанақ жүрек талмасының алдын алуға да әсер ететіні айтылады.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР