10-қараша. Turaninform. Цитрусты жемістердің ішінде лимонды білмейтін не естімеген кемде-кем шығар. Десек те, адам ағзасына қаншалықты әсер ететіні туралы барлығы біледі дей алмаймыз.
International Journal of Molecular Sciences мәліметіне қарағанда, лимон бойдағы зиянды холестеринді азайтып, қан тамырлары қабырғасын берік етеді. Қан қысымының қалыпты болуына да ықпалы бар. Ал, Korean Journal of Urology ақпаратына сәйкес, аталған цитрус жемісін тұрақты пайдалану – бүйректе тас түзілуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Басқа да пайдасы жоқ емес.
Әдетте, бір дана лимонның құрамында мынадай заттар кездеседі:
• 0,2 г май;
• 0,6 г ақуыз;
• 1 мг натрий;
• 5 г көмірсу;
• 1,6 г клетчатка;
• 31 мг витамин C.
Лимонды жиі пайдалану кезінде, кей адамға аллергия шығуы мүмкін. Сонымен қатар, абайламаса, тіске де (эмалының бұзылуына) зияны бар.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР