15-желтоқсан. Turaninform. Жерасты жолымен Беларусьтен Польшаға заңсыз өткен 130 мигрантты поляк елінің шекара қызметі ұстады. Олардың дені Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан азаматтары.
Туннель ұзындығы ондаған метрге созылған. Үлкен бөлігі Беларусь тарапына тиесілі. Жерасты жолының биіктігі 1,5 метр болған. Осылайша, заңсыз мигранттар Еуроодаққа өтуді көздеген деседі.
Дегенмен Беларусь билігінің оқтын-оқтын заңсыздықпен мигранттарды Еуроодаққа жіберіп тұратын “әдеті” бар.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР