24-желтоқсан. Turaninform. Келесі жылы Үндістаннан Ресейге кемі 40 мың еңбек мигранты келуі мүмкін. Бұл туралы РФ президентінің арнайы өкілі Б. Титов мәлімдеді.
Соңғы жылдары Ресейдің Үндістан мигранттарына тәуелділігі артып кетті. Мысалы, 2022ж. бар болғаны 8 мыңдай үндіге жұмыс істеу үшін рұқсат берілген. Демек, келер жылы олардың саны бес есе артуы мүмкін.
Сонымен қатар, Украинаға қарсы бағытта соғысып жатқан үнділіктер де кездесіп жатыр. Мигрант атын жамылып соғысқа пайдаланылуы да ықтимал.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР