5-ақпан. Turaninform. Биылғы 1-қаңтарда Қазақстан халқының саны 20 495 975 болған. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. 2025ж. сондай уақытында 20 286 084 адам тіркелген еді. Сондай-ақ, қала тұрғындары артып барады: бір жылда кемі 256 мыңға көбейген. Керісінше, ауылда тұруды құп көретіндер кеміген, яғни 44 мыңнан астам адамға азайды. Бүгінгі күні қалада – 13 029 830, ал, ауылда – 7 466 172 адам өмір сүріп жатыр.
Соңғы жылдары еліміздегі халық санының өсуі баяулады. Табиғи өсім кеміп келеді.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР