10-ақпан. Turaninform. Тоғыз жасар поляк Теодор Зайдер Рубик кубигін 2,76 секундта құрастырды. Осылайша, ол әлемдік рекордты жаңартты. Мұның алдындағы рекорд қытайлық Сюаньи Генгке тиесілі болатын.
Ойыншық-басқатырғышты венгр өнертапқышы, әрі сәулетшісі Эрнё Рубик осыдан жарты ғасырдан аса уақыт бұрын ойлап тапқан еді. Содан бері бұл “сиқырлы” кубик әуесқойлық қана емес, спорттың да бір түріне айналды.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР